1888

1 мамырда елорда тұрғындары мен қонақтары мерекелік іс-шараларды тамашалай алады

1 мамырда елорда тұрғындары мен қонақтары үшін Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне арналған көптеген мерекелік іс-шаралар жоспарланған.

1 мамырда елорда тұрғындары мен қонақтары үшін Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне арналған көптеген мерекелік іс-шаралар жоспарланған. Отандық эстраданың жұлдыздары мен астана қаласының шығармашылық ұжымдары қатысатын фестивальдер мен концерттер, спорттық жарыстар мен түрлі көрмелер, қалалықтардың көңіл-күйін көтеруге арналған жәрмеңкелер ұйымдастырылады. 

Меркенің орталығы - «Қазақ елі» монументі алдындағы алаңда құрылған 3 сахнада ойын-сауық концерттік бағдарламасы өтеді. 

Негізгі сахнада 11.00-ден 14.00-ге дейін қаланың шығармашылық ұжымдарынан 2 000-нан астам әртіс қатысады. Концертке: «Rin’Go», Мәдина Садуақасова,  Парвиз Назаров, Еділ Хұсайынов, Әлішер Кәримов, Алмаз Кішкенбаев, Маржан Арапбаева,  «Дервиши» сияқты танымал отандық топтар мен әншілер қатысады. Сонымен қатар бас сахнада Грузияның ұлттық балеті, Өзбекстан мен Ресейдің би ұжымдары, өзбек эстрадасының жұлдызы Севара Назархан, тағы да басқа көптеген әртістер өнер көрсетпек.

Кіші саханада  12.00-ден 18.00-ге дейін елорданың этномәдени бірлестіктері өздерінің концерттік бағдарламаларын ұсынады. 

Астананың басты алаңындағы мерекелік іс-шараға 100 000-нан астам адам қатысады деп жоспарланған.

Сондай-ақ, спорттық жарыстар (арқан тарту, армреслинг, кір тасын көтеру, тоғызқұмалақ, басқа да спорт түрлері)  өткізуге 2 алаң қойылған;

20 сауда палаткасында азық-түлік тағамдарының бөлшек саудасы жүреді. Сонымен қатар, елорда мейрамханалары мерекеге келушілер үшін этоностардың ұлттық тағамдарынан дәм ұсынуы да қарастырған. 

1 мамырда  12.00 сағатта елордалық  «Наз» театрында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған концерт өтеді.  Концертте күрд, ұйғыр, болгар этномәдени орталықтарының шығармашылық театры ұжымы мен ардагерлер хоры өнер көрсетеді.

1 мамырда 10.00-де «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-меморалдық кешенінің маусымдық ашылуына арналған «Бірлік түбі - береке» концерті өтеді. 

 Бұдан басқа бұл күні «Барыс» СК-да  балалардың «Астана» ХК командасы мен Ақмола облысының «Ақкөл» командасы арасында шайбалы хоккейден жолдастық кездесу қайырымдылық акциясы ұйымдастырылады.

Сол күні 19:00-де «Сарыарқа» республикалық велотрегінде «Астана» БК - «ВЭФ» БК арасында Бірыңғай лигада плей-офф сериясы өтеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109