1879

Елордада «Достық керуені» концерті ұйымдастырылды

Қазақстан 130 ұлт пен ұлыстың өкілдері бір шаңырақтың астында тату-тәтті тұратын көпұлтты мемлекет.

Қазақстан 130 ұлт пен ұлыстың өкілдері бір шаңырақтың астында тату-тәтті тұратын көпұлтты мемлекет. Ұлтаралық және дінаралық келісмді одан әрі бекіте түсу үшін елордада Қазақстан халқы бірлігі күніне арналған «Достық керуені» мерекелік концерті ұйымдастырылды. 

Қойылым М.Өтемісов атындағы мектеп оқушылары сарайында өтті. Астана қаласының жалпы білім беретін және жексенбілік мектептерінің тәрбиеленушілері көрермендер назарына түрлі ұлттардың әндері мен билерін ұсынды. 

Дала казактарының частушкілері, матрешкалар биі, көңілді украин әндері мен қызу қанды кавказ халықтарының билері, тағы да басқа да халықтардың өнерлері жиналған қауымның көңілдерінен шығып, алақан қыздыра қол соғылды. 

«Бүгін біз Қазақстан халқының бірлігіне арналған мерекені өткізудеміз. Оған 6 жекенбілік мектепті қосқанда 80-нен аса бала қатысуда. Бүгінгі іс-шараның ең басты міндеті – Қазақстан халқының бірлігі күні елімізді мекендейтін барлық халықтардың бірлігі мен ынтымаған көрсету», - дейді М.Өтемісов атындағы Мектеп оқушылары сарайының директоры Құралай Мұқышева. 

Наталья Иванова мерекеге өз тәрбиленушілерін алып келіпті. Ол биыл 15 жыл толып отырған дала казактары Одағы жексенбілік мектебінің балалар ансамблінің көркемдік жетекшісі болып табылады. «Біздің жекенбілік мектепте 80-ге тарта адам айналысады. Әрі мұнда әр ұлттың балалары қатысуда», - дейді Наталья Иванова. «Достық керуенінде» казактардың жексенбілік мектебінен «Пчелка» қыздар шығармашылық ұжымы өнер көрсетеді. 

«Бір ұжымда бірге тәрбиеленіп, сан ұлттың балалары Отан, туған жер, күн, ашық аспан, өзінің туған республикасы жайлы ән шырқап жатса, жарасымды емес пе?!», - деп сөзін сабақтады ұжымның көркемдік жетекшісі.

Бұл пікірді қалалық Білім басқармасының бастығы Әсима Бимендина да қызу қуаттайды:

«Балалар өздерінің туған тілін, мәдениеті мен халқының дәстүрлерін білуі тиісті. Мұнда балалар ата-аналарымен, оқушылармен бірге ұлттық костюмдер тігіп, мерекеге дайындалуда. Осының өзі үлкен тәрбиелік мәні зор іс екені сөзсіз. Бір шаңырақ астында осыншама ұлттар мен ұлыстардың өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүруі еліміздің баға жетпес байлығы», - деп мәлімдеді Басқарма бастығы.

Қала тұрғындары мен қонақтары, жасөспірім әртістердің ата-аналары, М.Өтемісов атындағы Мектеп оқушылары сарайының ардагерлері осы дәстүрлі мерекеде достық пен Қазақстан халқының бірігі мен тұтастығын ән айту мен би билеу түрінде жеткізгені үшін жас өнерпаздарға ризашылықтарын білдірді.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109