1747

«Astana Piano Passion» байқауы қатысушыларының өнерін тікелей эфирден көруге болады

«Astana Piano Passion» халықаралық жас пианистер байқауының бірінші және екінші турын тыңдауға келе алмаған көремендер мен жанкүйерлерге жағдай жасау мақсатында байқаудың ресми сайтында онлайын хабар тарату көрсетілімі жұмыс істейді.

«Astana Piano Passion» халықаралық жас пианистер байқауының  бірінші және екінші турын тыңдауға келе алмаған көрермендер мен жанкүйерлерге жағдай жасау мақсатында байқаудың  www.astana-app.kz. ресми сайтында онлайн хабар тарату көрсетілімі жұмыс істейді.

Мұндай технология Қазақстандағы балалар музыкалық байқауы үшін алғаш рет қолданылып отыр. Мұның өзі Орталық Азияда  жас пианистердің ірі байқауы болып табылатын іс-шараның ауқымдылығы мен оған дайындықтың асқан жауаптылығын тағы бір дәлелдей түскендей, - дейді ұйымдастырушылар. 

 IP-технологиясы «TVeam» бірегей хабар тарату технологиясының арқасында  қатысушылардың өнерін сайттан тікелей эфирде қанша адам қараймын десе де қарай алады. Бейнекөрсетілімді сайттан қарау үшін компьютерді жүктеп, IP-технологиясы «Tveam»-тің құрамдас бір бөлігі болып табылатын download.setevisor.tv сайтында «Tveam» интернет-транслятор орнату қажет. Осы айтылған қондырғыны орнатқаннан кейін көрсетілім басталады. «Сетевизор» бейнеоплеерін пайдаланушы көрермендер бейнекөрсетілімдерді тікелей эфирден де, жазып алып компьютерлер мен кез келген операторлық жүйелерден және  iPhone, iPad и Android мобильді қондырғыларынан көре алады. 

Еске салайық,  “Astana Piano Passion” Бірінші Халықаралық жас пианистер байқауының алғашқы туры 2013 жылдың 10-11 мамырында Астанада ҚазҰӨУ-дің Үлкен залында өтеді.  Байқаудың қазылар алқасының құрамына Бразилиядан, Ирландиядан, Ресей мен Қазақстаннан фортепианно өнерінің әлемге танылған Һас шеберлері енеді.  Байқаудың қазылар алқасының құрамына Бразилиядан, Ирландиядан, Ресей мен Қазақстаннан фортепианно өнерінің әлемге танылған Һас шеберлері енеді. Олар: Жәния Әубәкірова (Қазақстан) Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор  Төлеген Мұхамеджанов (Қазақстан) "Астана-Опера" Опера және балет театрының Бас директоры,  композитор, ҚР Мемлекеттік және басқа да  сыйлықтардың  лауреаты, Валерий Пясецкий (Рессей) Ресейдің Еңбек сіңірген әртісі, П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының профессоры, Павел Нерсесьян (Ресей) Ресейдің Еңбек сіңірген әртісі, П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының және Бостон университетінің профессоры,  Джон О’Коннор (Ирландия) Ирландия Корольдігі музыка академиясының, Shenandoah (Вирджиния, АҚШ) консерваториясының, Showa (Жапония) музыка академиясының профессоры, Денис Мацуев (Ресей) Ресейдің Халық әртісі, "Astana Piano Passion" байқауының көрсемдік жетекшісі және байқаудың құрметті төрағасы.

Астана тұрғындары мен қонақтары 10 мамырда «Қазақстан» ОКЗ-да “Astana Piano Passion” Бірінші Халықаралық жас пианистер байқауының салтанатты ашылуын тамашалай алады. Онда «Жаңа есім» Қорының дарынды балалары мен маэстро Денис Мацуев өнер көрсетеді.

 “Astana Piano Passion” Бірінші Халықаралық жас пианистер байқауының алғашқы турының толық бағдарламасымен байқаудың  http://astana-app.kz/ru/ ресми сайтынан танысуға болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109