2034

Елордада балалар музыкалық байқауының лауреаттары өнер көрсетеді

Астанада Қазақстан халқының бірлігі мерекесі қарсаңында, бүгін, 29 сәуірде Астана қаласы №2 балалар музыка мектебінің тәрбиеленушілерінің қатысуымен үлкен гала-концерт өтеді.

Астанада Қазақстан халқының бірлігі мерекесі қарсаңында, бүгін, 29 сәуірде Астана қаласы №2 балалар музыка мектебінің тәрбиеленушілерінің қатысуымен үлкен гала-концерт өтеді. Оған беделді халықаралық, республикалық және қалалық музыкалық байқаулардың лауреаттары қатысады.  

Көрермендер алдында фортепиано, скрипка, қазақ және орыс халық астаптары бөлімдерінде оқитын оқушылар өнер көрсетеді. Гала-концерттің бағдарламасына қазіргі қазақстандық және шетелдік композиторлардың шығармалары енген, деп хабарлайды astana.kz  сайтына  №2 БММ-нен.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, елордада жыл сайын балалардың музыкаға қызығушылығы артып, шеберліктері нығайып, беделді байқаулардың жеңімпаздары көбеюде. Айтар болсақ,  «Балдәурен» қазақ халық аспаптар оркестрінің өкілдері  (Париждегі «Планета жастығы» халықаралық фестиваль-байқауы); аккордеоншы Рүстем Жамәлиев ( Венадағы «ART-DUO» халықаралық фестивалі); Адия Баймұрзина мен Аружан Калымова  (Дубайдағы «ART HOLIDAYS» халықаралық фестиваль-байқауы); Майдан Осипов (Астанадағы «Ақ көгершін» халықаралық фестиваль-байқауы) 2012-2013 оқу жылында халықаралық музыкалық байқаулардың лауреаты болды.

Сонымен қатар, №2 балалар музыка мектебінің тәрбиеленушілері арасында  - Халықаралық интернет-байқаудың 10 лауреаты бар.

Еске салайық, 19 сәуірде «Тербез - қобыз сарайы» концерт залында Астана қаласының 15 жылдығына арналған  №2 балалар музыка мектебінің жылдық есептік концерті өтті.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109