1792

1 Мамырға елорда жастары мерекелік флешмоб әзірледі

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында елорданың ең танымал би ұжымдары әлем халықтарының дәстүрлі билерін бірге билеу үшін жиналады. Оған 8-ден 25 жасқа дейінгі 70 жас астаналық қатысады деп жоспарлануда.

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында  елорданың ең танымал би ұжымдары әлем халықтарының дәстүрлі билерін бірге билеу үшін жиналады. 

30 сәуірде 18.00-де елорданың ең танымал ойын-сауық орталықтарының бірі - «Ажар - ASTANA MALL» СОО-да «Жастар ырғағында» би флешмобын өткізеді.

Оған 8-ден 25 жасқа дейінгі 70 жас астаналық қатысады деп жоспарлануда. Бишілерге қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының қызметкерлері де қосылады. 

Акцияның мақсаты – елорда тұрғындары арасында бейбітшілік пен достықты нығайтып, жастардың идеялық және мәдени ұйысуын қолдау болып табылады. Барлығы 15 минөтте қазақ, тәжік, өзбек, орыс, тағы басқа да халықтардың қазіргі заманғы билері мен хип-хоп, құлтемір биі және басқалар орындалады.

Аталған флешмоб елордадағы ең көрнекті жастар іс-шарасы болады деп санайды ұйымдастырушылар. Олар жасы бар, жасамысы бар – барлық санаттағы көрермендерге көптеген тосынсыйлар әзірлеген.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109