1532

Елордалық мұражайда ҰОС көрмесі ашылды

Ұлы отан соғысының 68 жылдығы қарсаңында Қазіргі заман өнері мұражайында «Олар Отан үшін от кешті» тақырыбында көрме ашылды.

Ұлы Отан соғысының 68 жылдығы қарсаңында Қазіргі заман өнері мұражайында «Олар Отан үшін от кешті» тақырыбында көрме ашылды. Бұл туралы astana.kz сайтына мұражайдан мәлім етті.

Ұлы жеңіске 68 жыл толады.  Жыл өткен сайын сұм соғыс салған жара жазылғанымен, оның адамзат үшін әкелген қасіреті ұмытылмақ емес. Екінші дүние жүзілік соғыс ауқымы, қасіреті мен шығыны, материалдық зардаптары жағынан бұрын-соңды болып көрмеген дәрежеде болды.  Әскери ұрыстар Еуропа, Азия және Африка құрлықтарының 40 елінде жүргізілді.  Осы сұмдық қан төгісте бәрінен көп зардап шеккен 15 одақтас республикасы бар Кеңестер Одағы болды.

Баренцев теңізінен Қара теңізге дейін майдан даласында партизандар мен еркін отрядтар басқа халықтармен бірге миллиондаған отандастардың жерлерін бұғаудан босатты. Майдан даласында әрбір екінші солдат мәңгілікке көз жұмды. 500 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды. 

Мұражай жәдігерлері осы қорғынышты соғыстың көріністерін көз алдыңызға алып келеді. Көрермендер назарына кең диапазондағы 72 өнер туындысы ұсынылыпты. Бұл – 27 кескіндеме полотно, 39 графикалық бет пен қазіргі өнер тенденциясы мен жанрына толық жауап беретін 6 мүсін. 

Сол жылдардың өнер туындылары тарихи құжаттар, куәгерлер көзмен көрген нақты оқиғалар болып табылады.  Солдаттар Отандарын жаудан қасық қаны қалғанша қорғай жүріп, өздері арасында сурет салды, күнделіктер жазды, тасқа басып өмірбаяндарын қалдырды. 

Көрмеге Василий Тимофеевтің «Рейхстахқа ту тіккен батыр Рахымжан Қошқарбаев», « Маршал Коневтің портреті» және РКФСР өнеріне еңбек сіңірген қайраткер Иван Пензовтың «Кеңес Одағының Батыры, генерал-полковник Родимцев» атты портреті, Николай Гаевтың «Кеңес Одағының Батырлары – комсомолшылар» сериясы бойынша  «Нүркен  Әбдіров», Аманжол Мүсәлимовтың  «Партизан» («Қасым») еңбектері қойылған. Мүсіндік портреттерде «Кеңес Одағының Батырлары, ұшқыш Н.А. Бокий», КСРО халық суретшісі Лев  Кербельдің, «Маршал Конев», Ресейдің еңбек сіңірген суретшілері Иван Першудчев пен Юрий Нероданың «Сібір партизаны» «Әлия» және «Мәншук», сол сияқты еліміздің атақты суретшілері мен мүсіншілерінің көптеген жұмыстарын көруге  болады 

 Графика өнерінде де соғыстың қоян-қолтық ұрыс кезіндегі сәттері мен шалғайдағы партизан отрядтарының ерліктері, тылдағы еңбеккерлердің жанқиярлық қимыл-әрекеттеріне дем беріп, шабыт туғызған кезеңдері оңтайлы бейнеленген.  Сондықтан Мұражайда Ираклий Тоидзенің «Отан ана –  шақырады!», Василий Серовтың «Біздің ісіміз ақиқат – жеңіс бізде» плакат жұмыстары мен «Жауды аяусыз жаныштап, жоямыз!» әжуасы қойылған.

Көрме бүгін, 23 сәуірде ашылып, бір ай бойы жалғасады.   

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109