1740

Астана филармониясы Париж төрінде өнер көрсетті

Парижде "Халықаралық мәдениеттер үндесуінің 10 жылдығы" атты жобаның тұсаукесері өтті. Жоба 2011 жылы ЮНЕСКО Бас конференциясының 36-сессиясында қабылданған.

Парижде "Халықаралық мәдениеттер үндесуінің 10 жылдығы" атты жобаның тұсаукесері өтті. Жоба 2011 жылы ЮНЕСКО Бас конференциясының 36-сессиясында қабылданған. Биыл Қазақстан ұсынған жоба әлемнің 26 мемлекетінен қолдау тауып отыр. Осы ауқымды шараға орай ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде аталған ұйымның Атқарушы Кеңесінің 191-ші сессиясында жоба жүзеге асып, ЮНЕСКО-дағы Қазақстанның тұрақты өкілдігі мен Астана қаласының әкімдігі халық аспаптар оркестрінің концертін ұйымдастырды. 

Ирина Бокова, ЮНЕСКО-ның бас директоры:

Бұл жобада Қазақстанның атқаратын міндеті зор. Біз қазақ елін Атқарушы Кеңестің беделді мүшесі ғана емес, мәдениетаралық шаралар мен дінаралық сұхбаттастықты ұйымдастырушы бірден - бір мемлекет деп білеміз.

Париж төрінде Астана мемлекеттік филармониясының өнерпаздары өнер көрсетіп, Құрманғазының күйі күмбірлеп, қазақ әні қалықтады. Азамат Жылтыркөзов, Айзада Қапонова, Еділ Құсайынов, Айгүл Қосанова және тағы басқа да әртістер сахнаның сәнін келтіріп, халық ризашылығына бөленді. Концерт балет әртістері мен «Белес» тобы, «Шалқыма» ансамблінің өнерімен жалғасын тапты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109