1832

«Студент көктемі - 2013» Астанада 1000-нан астам қатысушының басын қоспақ

Астана - зиялылық пен мәдениеттің, шығармашылықтың орталығы. Бұл өн бойы жігер мен күш-қуатқа толы жастар қаласы.

Астана - зиялылық пен мәдениеттің, шығармашылықтың орталығы. Бұл өн бойы жігер мен күш-қуатқа толы жастар қаласы. Сондықтан мұнда бүгінгі күні Астана қаласының 15 жылдығына арналған ең ауқымды, ең қызықты  «Студент көктемі - 2013» фестивалінің өткізілуі заңдылық.  

«Студент көктемі» - бұл елордада ондаған шығармашылық жастарының басын қосатын үлкен мәдени іс-шара. Байқау бағдарламасына классика мен модерн, күрделі хореография, сазды вокал, түрлі музыкалық аспаптарда ойнау мен театрландырылған қойылымдар, тағы да басқа көрермендерді бей-жай қалдыра алмайтын іс-шаралар енгізілген», - деп хабарлайды astana.kz сайтына қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасынан.  

Ертеңнен бастап елорданың 10 жоғары оқу орнының студенттері Астана қаласының үздік командасы Кубогын алу үшін бақ сынайды. Фестивальге 1000-нан астам қатысушы, 3000-ға тарта көрермен келеді деп болжанып отыр.  

Басқарманың мәліметі бойынша, «Студент көктемі - 2013» бірнеше кезеңнен тұрады. Атап айтқанда: «Жаңа әнмен - жаңа Астана!» тақырыбындағы эстрады әндері байқауы; «Менің сәтті кезеңім» тақырыбында фотокөрме; «Астана – арман қала» театрландырылған қойылымы; халықтық және қазіргі заман билері байқауы; «Жайдарман» әзіл байқауы; «Жанкүйерлердің үздік командасы» аталымдары.

Барлық байқаулардың қорытындысы бойынша қазылар алқасы фестивальдің көшпелі Кубогына ие болатын жеңімпаз-команданы айқындайды. Сонымен қатар, 2-ші, 3-ші орындар мен жанкүйерлердің үздік командасы да марапатталады.

«Біз фестивальді екі ірі алаңда: С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің концерт залында және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде өткізуге шешім қабылдадық.  18 сәуір күні 14.00-де Қазақ агро университетінде бірінші фотокөрме мен эстрадалық әндер байқауы өтеді. Ал, 19 сәуірде  12.00-де ЕҰУ-дің концерт залында халықтық және қазіргі заман билері байқауы мен «Жайдарман» әзіл байқауы өтеді», - деді ұйымдастырушылар.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109