1701

Елордада жастар арасында «Тіл шебері – 2013» қалалық байқауы өтеді

2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы Тілдерді дамыту мен қолданудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында елордада тұңғыш рет жастар арасында «Тіл шебері» қалалық байқауы өткізіледі.

2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы Тілдерді дамыту мен қолданудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында елордада тұңғыш рет жастар арасында  «Тіл шебері» қалалық байқауы өткізіледі. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасынан мәлім етті.

 Байқау қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген дарынды жастарды қолдау, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, мәртебесін көтеру, сондай-ақ, іскерлік және халықаралық қарым-қатынас тілдерін жастардың меңгеру дәрежесін анықтау бағытында өткізілді. 

Ереже бойынша 18 бен 25 жас аралығындағы кез келген ұлт өкілі мен кәсіп иесі байқауға қатыса алады.  

Байқау 4 турдан тұрады. Олар:  «Ұлттаным» - онда қатысушы тарих және қазақ халқының қайраткер тұлғалары туралы сұрақтарға жауап береді; «Мәдениеттаным» - балалар әдет-ғұрып, салт-дәстүр тұрғысындағы сауалдарға орыс тілінде жауап береді; «Елтаным» - мұнда қазақтың жері мен оның ұлан-байтақ аумағы жөнінде ағылшын тілінде жауап беру қажет. Ал, «Өнертаным» бұл – шығармашылық байқау -  ән шырқалып, мәнерлеп өлең, монолог, қазақстандық отансүйгіштікті, бірлік пен халықтар достығын насихаттайтын өсиет сөздер оқылады.

Сонымен қатар алғашқы екі турда қатысушылар төрешілер алдына қазақ халқының ұлттық киімін киіп шығуы керек болса, үшінші турда классикалық үлгіде, ал төртінші турда өзінің шығармашылық нөміріне сай киімді еркін таңдауына болады.

Жеңімпаздар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Бірінші орын алған жеңімпаз маусым айының аяғында өтетін «Тіл шебері-2013» республикалық байқауында Астананың намысын қорғайтын болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109