1656

Астана - Достықтың жол картасында соңғы аялдама

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-шы мерейтойлық сессиясы қарсаңында еліміздің барлық аймақтарын аралап келе жатқан «Достықтың жол картасы» кітабы әкелінеді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-шы мерейтойлық сессиясы қарсаңында еліміздің барлық аймақтарын аралап келе жатқан «Достықтың жол картасы» кітабы әкелінеді. Кітаптарды эстафета бойынша қаладан қалаға ауыстыру «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» республикалық мега жобасы аясында жүзеге асырылуда. Халықтар арасындағы достық нышанының финалдық сапары Астанада аяқталады. Бұл туралы astana.kz сайтына Қазақстан халқы Ассамблеясының қалалық филиалынан мәлім етті. 

«Бейбітшілік пен келісімның жол картасы» республикалық мега жобасы 2012 жылдың 1 мамырында Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен іске қосылған болатын. Акция Шығыс Қазақстан облысынан бастау алды. Өткен жылы ол еліміздің шығыс, солтүстік және орталық аймақтарын аралап, 2013 жылы батыс және оңтүстік облыстарға сапарын жалғастырды. Соңғы аялдама енді 24 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық 20-шы сессиясы өтетін Астана қаласы болғалы тұр.  

Республикамыздағы бейбітшілік пен ұлтаралық татулықтың бейнесіндей кітап осы атаулы датаға орай Қазақстан астанасында 23 сәуір күні беріледі. Эстафетаны Алматыдан Астанға қорытынды кезеңде келетін делегация беретін болады.   

Жобаның талаптары бойынша әрбір аймақ қонақтарды қарсы алып, түрлі іс-шаралар ұйымдастырады. Ағаштар отырғызып, облыс орталықтарының көрікті жерлерін көрсетеді. Концерттер мен флеш-мобтар, дөңгелек үстелдер, фестивальдер, конференциялар ұйымдастырады.

 Астана қаласының ҚХА-дан astana.kz сайтына хабарлағандай, кітапты қарсылап алатын Астанадағы делегация құрамына 40-қа тарта адам еніп отыр. Олардың қатарында ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаттары, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері мен қаланың басшылығы бар. Ережеге сәйкес екі жақтың да депутаттары «Достықтың жол карасы» кітабына өздерінің тілектері мен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекетік саясатын қолдайтын, атап айтқанда, ұлтаралық таулық пен саяси тұрақтылыққа байланысты лебіздер жазып қалдыруы қажет. «Бейбітшілік пен татулықтың жол картасы» жобасының қорытындысы туралы  Елбасына Қазақстан халқының 20-шы сессиясында баяндалады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109