2072

Көне қорым мемлекет қамқорлығына алынды

Астананың қақ ортасында орналасқан «Қараөткел» көне қорымы ешқайда көшірілмейді. Ғалымдар, археологтар мен зерттеушілерден құрылған топ осылай деп отыр.

Астананың қақ ортасында орналасқан «Қараөткел» көне қорымы ешқайда көшірілмейді. Ғалымдар, археологтар мен зерттеушілерден құрылған топ осылай деп отыр. Аталған зиратта алты ай бойы зерттеу жұмыстарын жүргізген мамандар сараптама нәтижелерімен бөлісті.

Кәмила Қоқымова, Астана қаласы Мәдениет басқармасы бастығының кеңесшісі:

«Қараөткел» мұсылман зиратына шамамен 1609-1962 жылдары адамдар жерленген. Кейін ресми жабылғаннан кейін де жерлеулер болған. Бұл зиратқа 2010 жылы Астана қаласы әкімдігінің қаулысымен ескерткіш мәртебесі берілді. Ескерткіш мәртебесі берілгеннен кейін бұл зиратқа қорғау тақтасы орнатылды.

Құрбан Смағұлұлы 6 жылдан бері зират басында шырақшы болып жүр. Жары Райхан Ешжанова екеуі күндіз-түні зираттың аяққа тапталып кетпеуін бақылап, туған-туысын іздеп келгендерге кеңесін айтып отырады. Ақсақалдың айтуынша, 30 га жуық аймақты алып жатқан жерде 10 000-ға жуық адам жерленген. Оның ішінде Кенесары батырдың 200 сарбазы, араб шейхтары, ел еркіндігі үшін күрескен батырлар мен зиялы қауым өкілдерінің қабірлері бар.

Құрбан Смағұлұлы, «Қараөткел» зиратының шырақшысы:

Зират үнемі қоқыс пен сынған ағаштың бұтақтарынан тазартылып тұрады. Осында ата-бабалары жатқан адамдар тазалық сақтауға көмектеседі. Мұнда негізінен мұсылман өкілдері жатыр. Атап айтсам, татар, ұйғыр, тәжік, өзбек, шешен, қырғыз, әзірбайжан, ингуш ұлттары мәңгілік тыным тапқан. 

Зерттеушілердің сөзіне сүйенсек, қабірлердегі жазулар шағатай, араб, кирилл әріптерінде жазылған. Зиратты толықтай зерттеу үшін әлі де біраз уақыт қажет. Айта кету керек, бүгінде Астанада жалпы мұсылман,  православ дініндегілер мен еврей ұлты өкілдерінің  20 зират бар. Соның ішіндегі ең көнесі «Қараөткел» зираты. Әзірге мұнда  2169 құлпытас анықталды. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109