1639

Елордада ағылшын тілінде ІІІ қалалық театрлар қойылымы ашылады

Елордалық бүлдіршіндерде ағылшын тілін меңгергендігін және актерлік шеберлігін көрсететін мүмкіндік туды.

Елордалық бүлдіршіндерде ағылшын тілін меңгергендігін және актерлік шеберлігін көрсететін мүмкіндік туды. Міне, үшінші жыл қатарынан Астанада балабақшалар мен қала мектептері арасында «English Theatre Festival» ағылшын тілінде театр қойылымы фестивалі өтуде.

Биылғы жылы қалалық фестиваль 15-і мен 20 сәуір аралығында өтеді. Бұл туралы  astana.kz  сайтына М.Горький атындағы орыс драма театрынан мәлім етті.

«2013 жылғы 15-і мен 20 сәуір аралығында Астана қаласының Білім басқармасы,  «Pearson» компаниясының Астанадағы өкілдігі және Ағылшын тілі мұғалімдерінің ұйымы үшінші жыл қатарынан Астанада балабақшалар мен қала мектептері арасында «English Theatre Festival» ағылшын тілінде театр қойылымы фестивалін өткізуде»,- деп хабарлайды ұйымдастырушылар.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай фестиваль үшінші жыл өтуде. Ол балалар мен мектеп оқушылары арасында театр өнерін дамытып, кеңінен таныту, сондай-ақ, ағылшын тіліне деген қызығушылықты арттыру мақсатын көздейді. 

Шығармашылық жарыс елордалық балабақшалар мен №54, №3, №46 мектептерде өтеді. Байқауға 15-тен астам мектептен және 4 балабақшадан балалар қатысады деп жоспарланған.

Фестиваль төрт жас ерекшелігі санатында, атап айтқанда: 5-6 жастағы балалар, 7-10 жастағы мектеп оқушылары, 11-14 жастағы және одан да жоғары 15-18 жастағы балалар арасында өтеді.

Қойылымды бағалайтын қазылар алқасының құрамына  Астана қаласы Білім басқармасы өкілдері, М.Горький атындағы академиялық орыс драма театрының шығармашылық қызметкерлері, қалалық Мектеп оқушылары сарайының әдіскерлері және тәжірибелі ағылшын тілінің мұғалімдері енеді. 

 Ұйымдастырушылардың айтуынша, ешбір бала ескерусіз қалмайды. Барлығы да кішкентай, бірақ пайдалы кәдесыйлар алады. Үздік жас әртістерге ағылшын тілін оқып-үйренуде айтарлықтай жеңілдіктер жасалады.   

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109