3343

Астана қаласының орталығындағы мұсылман зиратына 10 000-ға тарта мәйіт жерленген

Астана қаласы Мәдениет басқармасының бастамасымен қаланың орталығындағы «Қараөткел» мұсылмандар зиратына зеттеу жұмыстары жүргізілді.

Астана қаласы Мәдениет басқармасының бастамасымен қаланың орталығындағы «Қараөткел» мұсылмандар зиратына зеттеу жұмыстары жүргізілді. Бұл тарихи орынға байланысты көптеген аңыздар мен әртүрлі болжамдар айтылғанымен, нақты ғылыми болжамдар күні бүгінге дейін болмай келді. Ескі зираттың әр метрін зерттей келіп, ғалымдар жаңа тұжырымдар жасаған. Оны  бүгінгі «Бәйтерек» медиа орталығында өткен баспасөз мәслихатына  жиналғандарға олардың өздері әігімелеп, кейбір жаңа тұжырымдарын ортаға салды. 

Бірінші кезекте зерттеу жұмыстарын жүргізген архелогтар  жерленген адамдардың болжанғаннан көптігіне көз жеткізгендіктерін айтты.  Асықпай тындырылған қыруар есепке алу, суретке түсіру, нөмірлеу, әрбір құлпытастағы жазуды оқып, тіркеу жұмыстары   аз ғана 0, 16 шаршы метр алаңға тастан, ағаштан, темірден, тағы да басқа мықты материалдардан  2 169 мола орналастырылғанын есептеді. Алайда, микрорельеф зерттеулерінің қорытындысы бойынша аталған зиратқа 10 000 мәйт жерленгені белгілі болды. 

 Ғалым Карл Байпақовтың айтуынша, зират бұрын айтылып келгеннен анағұрлым ескі көрінеді. Бұл тұжырыммен «Архелогиялық сараптау» ЖШС-ның ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ерлан Әміров те келіседі.  

«Зиратпен байланысты бізді 17-ші ғасырға жетелейтін түрлі аңыздар мен болжамдар айтылады. Ал мұнда жерленген ең ескі ағаш плитада 1805 жыл деп жазылған. Біздің ойымызша, бұл ең соңғы жерленген мәйіт болмауы керек. Қазақтардың ерте әдет-ғұрпы бойынша қазақтар адамды жерлегенде моланың бетін плитамен жаппаған», - деді ол..

«Қараөткел» ескерткіштерін кең ауқымды зерттеу жұмыстарынан соң қалалық Мәдениет басқармасына   2 169 жерленген мәйіттің әрбір құлпытасын тіркеген жиынтық құжат тапсырылды.  Олардың барлығы - 8676 жеке құжат болады. Бұл туралы қалалық Мәдениет басқармасы бастығының кеңесшісі Кәмилә Кәкімова мәлім етті.  

Оның айтуынша, «Қараөткел» зираты негізінен мұсылмандар зираты. Алайда онда православ дініндегілер мен еврей ұлтының да жерленуі кездеседі.  Бұқара мен Қазаннан 19 ғасырдың аяғында келген дін өкілдерінің молалары айырықша қызығушылық туғызды. Сондай-ақ,  мұнда Сәкен Сейфуллиннің серіктері Жақия Айнабеков пен оның отбасы және ағайындары жерленген.

Ғалымдар бұл нысанды зерттеу жұмыстары мұнымен тоқтап қалмайтынын жеткізді.  «Біз бұл жұмыстарды міндетті түрде жалғастырамыз. Өйткені адамдар осы жерде жерленген өздерінің ата-бабалары туралы білуі керек», - деді  Ерлан Әміров. 

Аудару, каталогизация, құлпытастарға толық тізім жүргізу арқылы ғалымдар барлық тарихи ескерткіштерді қалпына келтіруді жоспарлауда. Атап айтқанда: ең бірінші жерленген адамдарды тауып, зираттың жабылған, яғни соңғы жерленген мүрдесі кім және қай жылдары қанша адам жерленген - осының бәрін анықтау кезең-кезеңімен атқарылатын жұмыстар. Нәтижесінде қаламыздың тарихына ірі ғылыми монография болып қосылатын тарихи аспектілерді көрсету басты шаруа болып табылады.  

Таяу уақытта зират аумағы қайта қалпына келтіріліп, жаңартылып, қоршалады.    Ерлан Әміровтың айтуынша, «ЭКСПО-2017» көрмесінің алдында қаланың орталығындағы мұндай нысан қазіргідей жағдайда болмауы  қажет.    

 

 

 

  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109