«Astana Piano Passion» байқауына әлемнің 20 елінен 130 адам өтінім берді
Жас пианистердің Бірінші халықаралық «Astana Piano
Passion» байқауы Орталық Азиядағы өз атағын ақтап шықты. Іріктеу турына үш
құрлықтың 20 елінен 130 бала қатысып, өздері орындаған шығармаларының
бейнежазбасын қазылар алқасының талқысына ұсынды.
Бүгінгі күні Қазақстан, Ресей, Сингапур, және басқа мемлекеттерден қатысушылардың өтінімдері орналастырылды.
Жас пианистердің Бірінші халықаралық «Astana Piano Passion» байқауының ресми сайты форумға қатысушылар мен әлеуметтік желілердегі музыканы құрметтеушілердің ең көп кіретін музыкалық байқау порталдарының біріне айналды.
Жас пианистердің Бірінші халықаралық «Astana Piano Passion» байқауы Бағдарламасына енген шығармалар тізімі балалардың туындыларды еркін таңдауына кеңінен жол ашты. Аталған шығармалар Бағдарламасын әзірлеудің арқасында балаларда бірден 13 шығарманы таңдау мүмкіндігі пайда болды.
Қатысушылар Қазақстанның ұлттық музыкасымен тереңірек танысуы үшін Ғ.Жұбанова, А.Нұрәлиева, Ө.Несіпханов, Ғ.Секеев, Т.Әбдірашев, Б.Хасанғали, тағы басқа да қазақстандық композиторлар шығармаларының ноталары тізбесі берілді.
Еске салайық, Астанада 10 мен 16 мамыр аралығында Жас пианистердің Бірінші халықаралық «Astana Piano Passion» байқауы өтеді.
Бір апта бойы Астана қаласының ең таңдаулы залдары әлемнің түкпір-түкпірінен келген дарынды балаларға музыкалық шығармаларын орындау үшін ұсынылатын болады. Халықаралық қазылар алқасының мүшесі – әлем таныған кәсіби музыканттар жас пианистер үшін шебірлік-дәрістерін өткізетін болады.
Астанадағы классикалық музыка апталығының ең айтарлықтай іс-шарасы Ресейдің халық әртісі Денис Мацуев пен Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Павел Нерсесьянның тыңдармандар мен жас музыканттарды қуанту үшін әзірлеген бірегей концертінің бағдарламасы болады.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz