Астанада Тәуелсіз Қазақстанда дүниеге келген жастардың жетістіктері талқылануда
Бүгін Қазақстан – дамушы жас мемлекет. Ел халқының 50%-ы
- 30 жасқа жетпеген жастар. Елде жақсы демографиялық ахуал қалыптасқан. Сол жастардың көбі қазір колледждер мен жоғары оқу
орындарында оқуда. Бірнеше жылдан кейін Тәуелсіз Қазақстанда дүниеге келген
жастар осы оқу орындарын аяқтап шығады. Олар болашақ өмір жолдарын бүгіннен
бастап дұрыс таңдауы қажет. Бүгін Астанада өткен «Егеменді Қазақстанның
қалыптасуындағы жас ұрпақтың жетістігі мен рөлі» ІІІ ғылыми-тәжірибелік
форумның ұйымдастырушылары дәл осылай деп санайды.
Форум Қазақстан-Ресей университеті Инновациялық колледжінде өтуде. Ол Астана қаласының 15 жылдығы мен «EXPO-2017» көрмесі тақырыбына арналған. Іс-шараны қалалық Білім басқармасы мен Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған.
Форум Егемен Қазақстанның ертеңі үшін заманауи технологияларды меңгеріп, жаңаша ойлайтын жастарды қалыптастыруда жас ұрпақ тәрбиесіне жете көңіл бөліп, олардың бойында отансүйгіштік, толеранаттық, жалпы азамзаттық құндылықтарды бағалау сезімін сіңіру мақсатын көздейді.
Жұмыс: «Астана – Қазақстан халқын ұйыстырушы фактор», «Жас елорданың өскелең ұрпағын тәрбиелеп, оқытудағы психо-педагогикалық аспектілер», «Болашақ маманның дамуында бағдарламалық-ақпараттық коммуникацияның рөлі мен орны», «Қазақстанның жас астанасындағы саяси-құқықтық ойларды дамыту», «Жас астананы дамытудың қазіргі кезеңіндегі экологиялық түйткілдерді шешудің өзекті мәселелері мен келешегі» және «Астана Қазақстан қоғамын әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудағы басты бағыт: мәселелер мен шешімдер» тақырыбында алты секцияда өтуде.
Форумның қорытындысында үздік жұмыстар «Білім және қазіргі заман» ғылыми-талдау журналының арнайы санында жарияланатын болады.
Форумның үздік баяндамалары жүлделер мен бағалы сыйлықтарға ие болады. Форумға әр қатысушы сертификат алады.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz