1084

Жылдың соңына қарай Астанада 1543 пәтерлік 6 нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр

2013 жылы елордада бір миллион шаршы метрден астам тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда.

2013 жылы елордада бір миллион шаршы метрден астам тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда.  Бұл туралы бүгін Тәуелсіздік сарайында Елбасының төрағалығымен өткен елорданы одан әрі қарай дамытуға арналған кеңейтілген жиында елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлім етті.

Өз баяндамасында бас қала әкімі «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру барысында тұрғын үй құрылыс жинақтау жүйесі бойынша 21 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға тапсырылғаны. 2013 жылдың соңына қарай 1543 пәтерлік тағы 6 нысанды пайдалануға беру жоспарланып отырғанын айтты. "Қазақстан ипотекалық компаниясы бойынша қазіргі таңда жалпы көлемі 17 гектар жер учаскесі бөлініп, жобалық жұмыстар жүргізілуде. Жалпы бұл бағытта 2020 жылға дейін 300 мың шаршы метр тұрғын үй салынады",-деді И. Тасмағамбетов.

Сондай-ақ, Астанада бұдан бөлек жеке құрылысшылар «Мыңжылдық» аллеясы бойынша жаңа орталықтың кешенді құрылысын жүргізуде. Әкімнің айтуынша, бүгінде Орынбор көшесі мен Тұран даңғылындағы жалпы ауданы 8,5 млн. шаршы метр болатын бүгінде 40-қа жуық жоба мақұлданған.

 Сонымен қатар, Иманғали Тасмағамбетов: «Ескі және апаттық жағдайдағы тұрғын үйлерді бұзу бойынша пилоттық жоба аясында жалпы ауданы 93 мың шаршы метр болатын 1655 пәтерлік 6 тұрғын үй кешенінің құрылысы жүргізілуде. 2013 жылдың желтоқсан айында 11 ескі апаттық үйлер, 2014 жылы - 52 үй, сондай-ақ, 2015 жылы 89 үй бұзылады»,-деді.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109