1274

Астана 2017 жылы әлемнің 50 ақылды қаласының қатарына қосылуы қажет

Қазақстан астанасы 2017 жылы әлемнің 50 ақылды қаласының қатарына қосылуы қажет.

Қазақстан астанасы 2017 жылы әлемнің 50 ақылды қаласының қатарына қосылуы қажет.  Бұл туралы бүгін Тәуелсіздік сарайында өткен елорданы одан әрі қарай дамытуға арналған кеңейтілген жиында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді. 

 «Астана 2017 жылы әлемнің 50 ақылды қаласының қатарына қосылуы қажет. Қане, осы тұрғыда байсалды жұмыс жүргізейік. Бұл тек бір қала әкімдігінің ғана жұмысы емес, бұл бүкіл мемлекеттің мәселесі», - деп атап көрсетті Елбасы.

Қазір бұл рейтинг қатарына Вена, Торонто, Нью-Йорк, Париж, Лондон сияқты қалалар енген.

Елбасының айтуынша, Қазақстан астанасы жаңа қала, сондықтан әлемнің ақылды қалалар рейтингіне енуге толық мүмкіндігі бар. Оның айтуынша, қазірдің өзінде Астана 16 негізгі көрсеткіштің 4 критериіне жауап береді. Қазірдің өзінде елорданың жоғары зияткерлік даму деңгейіне жету жөніндегі  іс-қимылдар жоспары әзірленген.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109