1826

ЭКСПО-2017 көрмесі жобасына әлемдік сәулетшілер атсалыспақ

Елордада ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысып, өз қолтаңбасын қалдырам деген 30 сәулетші, сәулет компанияларының өкілдері бас қосты.

Елордада ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысып, өз қолтаңбасын қалдырам деген 30 сәулетші, сәулет компанияларының өкілдері бас қосты. Әр елден келген сәулетшілер болашақта тұрғызылатын нысан алаңымен танысып, қаланы аралап, болашақта туындауы мүмкін мәселелерді талқылады.

Қанағат Тілемісов, «Астана-ЭКСПО-2017» ҰК АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі:

Негізінде сәулетшілер, музыканттар көбі ақша үшін емес, өз еңбектерін жоғары деңгейде көрсету үшін мұндай байқауларға қатысады. Осындай континентальдық жұмыстарға қатысу арқылы ғана өз деңгейлерін көрсетеді. Сондықтан бұл кісілер өз жұмыстарын Астанада, Орталық Азияда алғаш рет өтетін көрмеде көрсеткілері келеді.

Көрмеге қатысатын сәулетшілер байқау арқылы іріктеліп алынады. Оларға қойылатын басты талаптардың бірі қаланың инфрақұрылымын, инженерлік және сәулет нысандарын көрме өткеннен кейін де қолдану мүмкіндігін есепке алу. Айта кетейік, байқауда бақ сынағысы келген әлемдік сәулетшілердің бірі, Астанадағы Қазақстан Орталық концерт залы ғимаратының  негізін қалаған Лука Франческо Николетти.

Лука Франческо Николетти, сәулетші:

Қазақстан ОКЗ-ын салу барысында өте қиналдық, біраз жыл уақыт кетті. Өйткені, мекеме құрылысы жағынан өте күрделі болды. Есесіне, бүгін көркіне қарап, көз қуанады. Енді ЭКСПО көрмесіне қатысып, Астанаға тағы бір тарту жасасам деймін.

Ал, Стефано Боери Миланда өткен халықаралық ЭКСПО көрмесіне қатысқан тәжірибелі сәулетшілердің бірі. Енді тәжірибесімен бөлісіп, бас шаһарда теңдесі жоқ ғимараттардың бой көтеруіне үлес қоссам дейді. Алайда, жобасы туралы ашып айта қоймады.

Стефано Боери, сәулетші:

Әзірге мықты деген сәулетшілер іріктеліп жатыр. Бәсеке күшті. Сондықтан арық айтып, семіз шығуды қалаймын. Бастысы, жоспардағы ғимараттар Миланда тұрғызылған ғимараттарға ұқсамайды деп сеніммен айта аламын.

Байқауға барлығы 105 үміткер қатысады деп жоспарлануда. Жұмыстарды қабылдау 2013 жылдың 18 шілдесінде аяқталады. Ал, байқау қорытындысы 2013 жылдың 1-қыркүйегінде шығарылады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109