2123

Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының XХ сессиясы ашылды

Бүгін Астанада «Қазақстан-2050 Стартегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының XХ сессиясы ашылды.

Бүгін Астанада «Қазақстан-2050 Стартегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» тақырыбында  Қазақстан халқы Ассамблеясының XХ сессиясы ашылды.

Кеңейтілген мәжіліс дәстүрлі түрде ҚР Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Бейбітшілік пен келісім сарайында өтуде.

«Құрметті отандастар, бүгін біз сіздермен бірге Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясын өткізіп отырмыз. Бұл біздің үлкен жолдан өткендігіміздің белгісі. Ассамблея жан-жақты толысып,  ұлттың жалпы азаматтық  маңызды институтына айналды», - деді сессияны ашқан Елбасы.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы өз сөзінде аймақтағы ҚХА-ны дамытудың тұжырымдамасын әзірлеуді, қоғамдық келісім мен әлеуметтік бастамалар орталығы ретінде Достық үйлерінің жұмыс тиімділігін арттыруды, Достық үйлерінің Республикалық әдістемелік директорлар Кеңесін құруды  тапсырды.

Аstana.kz сайты тілшілерінің хабарлауынша, сессияның жұмысына еліміздің барлық аймақтарынан ассамблея мүшелері, республикалық және аймақтық этномәдени бірлестіктер төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялар мен діни бірлестіктердің, ҮЕҰ басшылары, шетел мемлекеттерінің  дипломатиялық қызметкерлері, ғылым және шығармашылық зиялы қауым мен БАҚ өкілдері қатысуда.   

Сессия аяқталғаннан кейін салтанатты концерт жоспарланған. 

Ертең, 25 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының аймақтардан келген делегация өкілдері – Ассамблеяның ХХ сессиясына қатысушылар Астана қаласында «Қазақстаным – қарашаңырағым» атты халықаралық конференцияға  қатысады.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109