1525

Валерий Пясецкийдің шеберлік-дәрісін тыңдауға астаналық музыка мектебінің мұғалімдері келді

11 мамырда ҚазҰӨУ-нің Кіші залында Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, П.И.Чайковский атындағы Мәскеу Мемлекеттік консерваторияның профессоры Валерий Пясецкийдің қатысуымен шеберлік-сынып өтті.

11 мамырда ҚазҰӨУ-нің Кіші залында Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, П.И.Чайковский атындағы Мәскеу Мемлекеттік консерваторияның профессоры  Валерий Пясецкийдің қатысуымен шеберлік-дәрісі өтті. Оған Астананың музыкалық мектептерінің мұғалімдері мен ҚазҰӨУ оқытушылары мен студенттері қатысты.

 Профессор жас пианистерден кез келген шығарма ойнауын өтінді, одан соң оларға әлсіз жерлерін көрсетіп, қалай ойнағанда жарқын, әуенді болатынын түсіндірді. Валерий Пясецкий келген жас пианисттер мен мұғалімдерге өзінің терең тәжірбиесінен бірқатар пайдалы кеңестерін берді. Ол музыкалық аспаптың пернесінен қолды үзбей, терең сезіммен ойнау керек екенін айтты. Оның мұғалімдерге берген  маңызды кеңестерінің бірі – өз шәкірттеріне шығарманың кез келген жерінен: ортасынан, соңынан, басынан бастап ойнауды үйрету...

Валерий Пясецкийдің айтуынша аспапта жақсы ойнау үшін үш нәрсе керек: олар ести білу, ақыл-ой, және  техникалық  даярлық. Ол дегеніміз дұрыс ести білу, түсіну және дұрыс ойнау. Музыкалық мэтроның ойынша, дыбыстың дұрыс шығуының мәні зор  және дыбыс «аспап пернесінің түбінен» шығуы керек.

Жалпы алғанда Валерий Пясецкийдің таланты мен таусылмас музыкалық тәжірбиесі қатысушыларға шабыт көзі болып, оларға өнер жолында өз жолдарын табатынына көмегі тиері сөзсіз.

Валерий Пясецкий «Astana Piano Passion» Бірінші Халықаралық классикалық музыка фестивалі мен жас пианисттер байқауы қазылар алқасының мүшесі екенін естеріңізге саламыз. Ол музыкалық-ағартушылық және педагогикалық салаларда белсенді қызмет еткен және  Ресейде, Азияда, Европада шеберлік-сыныптар өткізіп, бірнеше жылдар бойы қайырымдылық қорларымен бірге қызмет істеуде. Оның көптеген шәкірттеріОАР, Франция, Италия, Ресей, Япония, Англия, Украина, Чехия, Сербия, Германия, Ирландия, Латвия, Австрия елдерінде халықаралық байқаулардың лауреаттары. 1998 жылы оның студенті Денис Мацуев П.И.Чайковский атындағы XI Халықаралық байқаудың жеңісі атанды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109