1546

Жас пианистер байқауының қазылар алқасының мүшесі: «AstanaPianoPassion» - Қазақстанның мәдени жарнамасы

Танымал композитор Төлеген Мұхамеджанов «AstanaPianoPassion» байқауының қазақ композиторларының шығармаларын насихаттауда Қазақстан үшін үлкен имидждік маңызы бар деп санайды.

Танымал композитор, «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының директоры Төлеген Мұхамеджанов «AstanaPianoPassion» жас пианистер байқауының қазақ композиторларының шығармаларын насихаттауда Қазақстан үшін үлкен имидждік маңызы бар деп санайды. 

«Байқаудың үлкен имидждік маңызы бар. Осы байқау арқылы Астананың шын мәнінде Қазақстанның мәдени астанасы екендігі көрініп, мұнда классикалық музыкаға деген ынта мен қызығушылық зор екендігі анық байқалады.  Аталған байқаудың арқасында классикалық музыканың һас шеберлері халықтың алдына шығып, өзінің орындаушылық өнерлерін көрсетеді. Осының өзі музыканы сүйетін адамның жан дүниесін кеңейтіп, оның дүнені басқа қырынан тануға мүмкіндік береді», - дейді «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының директоры,«Astana Piano Passion» жас пианистер байқауының қазылар алқысының мүшесі Төлеген Мұхамеджанов.

Байқаудың міндетті бір талабы – қазақ композиторларының шығармаларын орындау. Отандық музыканттардың ойынша, бұл қазақ музыкасының мәдени географиялық кеңестігін кеңейтетін мүмкіндік болып табылады. Айтар болсақ, бірінші турда байқауға қатысушы ересектер тобы көбіне белгілі, халық арасында кеңінен танымал «Апырай» композициясын таңдады. Интерпретацияда әрбір жас пианиаст оны өзінше орындады.

«Керемет, қазақстандық композиторлардың шығармаларын орындау өзіндік тұрғыдан Қазақстан үшін «мәдени жарнама» болып табылады.  Көптеген байқауға қатысушылар Ғазиза Жұбанованың шығармаларын таңдады. Оның туындылары ойналған кезде зал сілтідей тына қалды. Байқаудың біздің музыканы насихаттаудағы маңызы орасан зор. Егер қатысушы шығарманы таңдап, оны жаттап орындаса, болашақта оны ол өзінің репертурарына енгізеді. Үлкен концерттерде сахнаға шығарады», - деп атап көрсетті  Төлеген Мұхамеджанов.

Ресейден келген Илья Бахтиннің айтуынша, ол өзіне Тілес Қажығалиевтың  «Романтикалық прелюдиясын» қалап алуы тегеннен тегін емес. Шығарманың жан тебрентер құдыреті мен халықтың жүрегіне ұялағандығы көбірек қызықтырған көрінеді.

«Маған Қазақстанның адамдары да, музыкасы да ұнады. Бұл елге тағы да келгім келеді. Байқау туралы Интернетте  Youtube-тен кезейсоқ біліп, қатысуға шешемі қабылдадым», - деп атап көрсетті АҚШ-тан келген Арон Курц. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109