1529

Астанада «Ел тағдыры – менің тағдырым!» қалалық форумы өтті

Қ.Қуанышбаев атындығы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында өз Отанын жанындай сүйетін, кеудесінде патриоттық рухы жалындаған жандар «Ел тағдыры – менің тағдырым!» деп бас қосты.

Мемлекет тағдыры, расында да әрбір халықтың, әрбір азаматтың тағдырымен сабақтас. 14 мамырда Қ.Қуанышбаев атындығы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында өз Отанын жанындай сүйетін, кеудесінде патриоттық рухы жалындаған жандар «Ел тағдыры – менің тағдырым!» деп бас қосты.  

Алғашқы осы аттас форум елордада былтыр да өткен болатын. Бастамашылдық танытып, ұйымдастырылуына атсалысып жүрген - көпфункциялы ғылыми-талдау және гуманитарлық- ағартушылық «Назарбаев орталығы» мемлекеттік мекемесі. Форум көпшілік тарапынан кеңінен қолдау тауып, оны еліміздің барлық аймақтарында жыл сайын өткізіп тұру дәстүрге айналды.  

«Назарбаев ортылығының ең басты міндеттерінің бірі – Қазақстанның мемлекеттігін ұлықтау. Тәуелсіздіктің жиырма жылында қол жеткізген жетістіктерімізді баянды етудің, халықтың игілігіне жаратудың жолдарын насихаттау. Бүгінгі астаналық форумның негізгі идеясы да жаңа елордамызды әлемге де, өзімізге де жаңа қырынан таныту болып табылады», - деп әңгімелейді astana.kz сайтына  «Назарбаев орталығы» ММ Ұлттық және халықаралық бағдарламалар қызметінің жетекшісі Ғалым Байтоқ.

Бүгінгі күні мұндай іс-шараны еліміздің барлық аймақтары өткізіп болуға айналды. Іс-шара Астананың үш ауданында да өзіндік өрнегімен ұйымдастырылды. Қазылар алқасы Алматы, Сарыарқа, Есіл аудандарының үздік спикерлерінен таңдалды. Олар қалалық форумға қатысушылардың назарына өз тағдырлары тарихы мен елорданың дамуына қосқан экономикалық-әлеуметтік және мәдени үлестері туралы әңгімеледі.  

Форумға қатысушы Роза Мейірбаева astana.kz сайтына өз тарихы туралы:

 «Мен елордалық цирктің кадрлар бөлімінде аудармашы болып жұмыс істеймін. Өзім мамандығым бойынша орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімімін. Еліміз тәуелсіздік алғалы мен қазақ тілінен сабақ беріп, аудармашылықпен айналысып келемін. Өткен ғасырда мен орыс тілін оқып үйреніп, жаңа мыңжылдықта мемлекеттік тілді насихаттап келемін», - деп бөліседі.

Спикерлердің сөзінен басқа бағдарламаға концерттік нөмірлер енгізілді. Астананың даму тарихына арналған және елорданың өркендеуі үшін тер төгіп жүрген белгілі тұлғалар жайында фотокөрмелер ұйымдастырлды.

Бұл іс-шара науқаны қалада Астана күніне орайластырылған маусым айында өтетін республикалық форуммен аяқталады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109