1273

Денис Мацуев сахнада «Astana Piano Passion» байқауына қатысушылармен бірге өнер көрсетті

Астанадасейсенбі күні кеште күтпеген кереметтер мен тың жаңалықтарға толы Денис Мацуевтың концерт-тосынсыйы өтті.

Астанада сейсенбі күні кеште күтпеген кереметтер мен тың жаңалықтарға толы Денис Мацуевтың концерт-тосынсыйы өтті. Финалға өтпеген жас таланттардың өнерлерін тамшалау көрермендерді ерекше көңіл күйге бөледі.   

Ресейдің халық әртісі Денис Мацуев концертінің бірінші бөлімі, айтылғандай, П.И Чайковскийдің аңызға айналған «Жыл мезгілдерінен» он екі пьеса циклінен афишалармен басталды. Бұл шығармалар  Денис Мацуевтың орындауында қазіргі орыс классикасының жауһары ретінде фортепиано өнерінің алтын қорынан ойып тұрып орын алған болатын.  

Үзілістен кейін Денис Леонидович бірден қолына микрофон алып: «Мен өзімді бүгін Астанада жүргеніме, осы сахнада өнер көрсеткеніме шексіз қуанышты сезінемін. Осы күндер әлемді 180 градусқа бұрып, керемет іс-шаралардың куәсі етті деп ойлаймын. Байқау-фестиваль бұқараға, бүкіл әлемге бірегей таланттарды көрсетті.  Сондықтан мен концертімнің екінші бөлімінде жас таланттардың менімен бірге сахнаға шығып, халықтың алдында өнер көрсетуін қалаймын», - деді.

Осы сөздерден кейін сахнаға екінші турға өтпеген, байқаудың жартылай финалының жеңімпаздары шақырылды. Байқаудың ережесі бойынша олар ендігі үйлеріне қайтуы керек еді. Бірақ та, Денис Мацуевтың өтініші бойынша олар онымен бірге сахнада дайындалған бағдарламаларын орындап, өнер көрсету үшін  қалды.  Зал толы көрермендердің алақан қыздыра қол соққан қошеметтері оларды шабыттандырып жіберді. Әрбір жас пианисті Денис Мацуев өзі жеке таныстырды.  

Содан соң ол тағы да жас таланттарға назар аударып: «Барлығыңа да рахмет! Сіздер керемет музыкантсыңдар. Біз сіздерді қамқорлыққа алып, көмектесетін боламыз» - деп Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың атынан әр қайсысына жүлде тапсырды.

Бүгін «Қазақстан» ОКЗ-да байқауға қатысушыларды тағы да тыңдап, қазылар алқасы түпкілікті шешім шығарады. Лауреаттардың есімдері аталады. Ал 16 мамырда «Қазақстан» ОКЗ-да классикалық музыка фестивалі гала-концертпен аяқталады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109