1368

Елордалық жастарды көшбасшылыққа 10 күнде оқытады

Астанада «Жас көшбасшы академиясы» жұмысын бастады. Барлығы 10 күнде ұйымдастырушылар оларды қарапайым оқушыдан нағыз көшбасшы студенттер қатарына қосатындығына уәде беріп отыр.

Астанада «Жас көшбасшы академиясы» жұмысын бастады. Барлығы 10 күнде ұйымдастырушылар оларды қарапайым оқушыдан нағыз көшбасшы студенттер қатарына қосатындығына уәде беріп отыр. 

Сонымен қатар «Жас көшбасшы академиясы» жобасы коммерциялық емес. Оған қатысу болашақ көшбасшылар мен олардың ата-аналарының қалталарының қалыңдығын да талап етпейді. Екінші сөзбен айтқанда, академияда оқу тегін. Өйткені, аталған жоба Астана қаласы әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен жүзеге асырып отыр. 

«Академия бізде жыл сайын жастар үшін тренингтік курстар түрінде өткізілетін болады. Жас көшбасшы академиясын ашудағы ең басты мақсат - жеке адамның өсуі үшін жағдай туғызып, елорданың жас көшбасшысының әлеуеттік мүмкіндіктерін арттыру», - деп мәлімдеді басқарма өкілі Олжас Каушев.

Жобаға қатысу үшін 50 адам іріктеліп алынған.  Олардың арасында мектептердің жоғары сынып оқушылары да, елордалық оқу орындарының студенттері де, магистранттар да бар. Жастар көшбасшылықтың әліппесіне 13-і мен 25 мамыр аралығында 10 бойы үйренетін болады. 

 Сонымен қатар, Академияда белгілі қоғам қайраткерлерімен, көрнекті саясаткерлермен кездесу ұйымдастырылып, олар өмірлік тәжірибелерін бөлісіп, ортаға салатын болады. 

Самат Панов адамдарға көшбасшылықты үйретуде тәжіріибесі мол жан. Оның ойынша, елімізде көшбасшы жастарды тәрбиелеп шығару заман талабымен қатар, кезек күттірмейтін мәселе көрінеді. 

«Мені көшбасшылық тақырыбы көптен толғандырып жүрген. Менің ойымша, Қазақстанда нағыз көшбасшылар, расында да жетіспейді. Бізде адамдар да, ақша да, ресурс та жеткілікті. Тек соны жандандырып, қолға алу өте қажет. Бұл қоғамға серпін береді!», - деді ол.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109