812

Астанада қаланың дарынды балалары үшін «Триумф» балы өтеді

Олимпиадалар мен ғылыми байқаулардың жеңімпаздары, елорданың дарынды балаларының құрметіне бүгін «ТРИУМФ» балы өткізіледі. Оған 200-ге тарта талантты мектеп оқушылары қатысуы жоспарланған

Олимпиадалар мен ғылыми байқаулардың жеңімпаздары, елорданың дарынды балаларының құрметіне бүгін «ТРИУМФ» балы өткізіледі. Оған 200-ге тарта талантты мектеп оқушылары қатысуы жоспарланған, - деп хабарлайды қалалық Білім басқармасынан. 

«Бал бағдарламасында – 2012-2013 оқу жылында республикалық олимпиадаларда пәндер бойынша алтын медаль алған Астананың мектеп оқушылары мен олардың ұстаздары құрметтеліп, марапатталады», - делінген хабарламада.

2012-2013 оқу жылында елордалық оқушылар АҚШ, Албания, Бразилия, Голландия, Грузия, Жапония, Индонезия, Ресей, Румыния, Түркия және Швеция сияқты елдерде өткен түрлі халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардан 122 медаль алып келді. Республикалық олимпиада мен ғылыми жобаларда, республикалық байқауларда Астана қаласының мектеп оқушылары жалпыкомандалық І орын алып, «Үздік команда» атағын иеленді. 104 жүлделі орын алды. 

Марапаттау рәсімі ҚР Білім және ғылым министрі Б.Т.Жұмағұловтың және Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ.Балаеваның  қатысуымен өтеді, - деп хабарлайды Білім басқармасынан. 

«Іс-шараға құрметті қонақтар ретінде ҚР Парламентінің және қалалық Мәслихаттың депутаттары, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, «Дарын» АҒТО, елордалық әкімдіктің, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ, М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының өкілдері мен Астана қаласы Білім басқармасының басшылары шақырылған», - деп хабарлайды ведомстводан.

Осы кеште 9-11 сынып оқушылары өздерін нағыз жігіттер мен бойжеткен қыздардай сезінеді. Балға сәйкес дресс-код та қарастырылған. Олар:  жас жігіттер үшін смокинг немесе ақ көйлек пен қара түсті костюм, «көбелек» түрінде байланған галустук; қыздар балдық барынша ұзын ақ көйлек пен ақ туфли киіп, қолдарына веер ұстауға міндетті.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109