1417

Балдырғандар үшін аула клубтарының маңызы зор

«Адамның бір қызығы бала деген» демекші, 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Астана саябағында «Аула күні-2013» атты мерекелік шара өтті. Ол «Біз – Қазақстан балаларымыз.

«Адамның бір қызығы бала деген» демекші, 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Астана саябағында «Аула күні-2013» атты мерекелік шара өтті. Ол «Біз – Қазақстан балаларымыз. Біз – жаңа әлемде өмір сүреміз» бүкілқазақстандық акциясы аясында Астананың 15 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған. Ұйымдастырушылары - Астана қаласы Балалар құқықтарын қорғау департаменті мен Жастар саясатын қолдау мемлекеттік қоры.

Бақытжан Жүнісбеков, Астана қаласының Жастар саясатын қолдау мемлекеттік қоры директорының орынбасары:

Бүгінгі шараның басты мақсаты - мемлекеттің балаларға деген қамқорлығын сезінту. Оларға арнап түрлі сайыстар өткізіледі. 8 топ бар, әр топта 20 баладан. Қатысушылар спорт, интеллектуалды сұрақ-жауап, ән, күй, би, сурет салу сайыстары бойынша бақ сынайды.

Шараға қаладағы аула клубтарының 500-ден астам тәрбиеленушісі қатысты. 5 жастан 18 жасқа дейінгі балалар «Ән - көңілдің ажары», «Тапқыр болсаң, тауып көр», «Өнерліге өріс кең» кезеңдері бойынша бақ сынады.

Ләззат Алшинова, «Замандас 21» қоғамдық қорының директоры:

Біздің аула клубымыз 3 жылдан бері жұмыс істейді. 7 жастан бастап әр түрлі жастағы балалар келеді. Арасында студенттер мен ата-аналары да бар. Әр түрлі үйірмелерге қатысып, шығармашылық дарындарын жетілдіреді. Түрлі байқауларда бақ сынауда. Мәселен, бүгін Франция Елшілігінің қолдауымен көрме өтеді. Сол көрмеде біздің балалардың да жұмыстары қойылады.

Бүгінде елордада 25-тен астам аула клубы бар. Оның 10-12-сi Астана қаласының Жастар саясатын қолдау мемлекеттiк қорының үйлестiруiмен жұмыс істейді. Айта кету керек, аула клубтарының әлеуметтік маңызы зор. Ол балалардың сабақтан тыс уақытын тиімді өткізуін қамтамасыз етеді. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109