1906

Балаларды қорғау күнінде Астанада мерекелік іс-шаралар орталығы «Ғашықтар» саябағы болмақ

Мерекелік іс-шаралардың нағыз орталығының бірі – 1 маусым күні кішкентай Балалар қалашығына айналмақшы «Ғашықтар» саябағы болмақ.

Балаларды қорғаудың Халықаралық күнін елордада кеңінен атап өту жоспарлануда. Мерекелік іс-шаралардың нағыз орталығының бірі – 1 маусым күні кішкентай Балалар қалашығына айналмақшы «Ғашықтар» саябағы болмақ. Бұл туралы қалалық Білім басқармасы мәлім етті. 

Мерекені: «Шаңырақ» (№27 МЛ), «Ақ шағала» (№62 МГ), «Видет» мектеп ансамбльдерінің орындауында керемет хореографиялық композиция ашады. Блог «Бәйтерек» ансамблінің орындауында «Балдәурен» биін жаппай билеумен аяқталады. 

Кішкентай астаналықтар үшін тосынсыйлардың бірі – елорданың 300-ден астам жас суретшілері қатысатын «Таңғажайып арман» көше өнері фестивалі болмақ. 

«Star team» алаңқайында балалар  «Қара жорға - Қамажай », «Аррива», «Буги Вуги» және басқа да билерден үзінділер билеп, жетекшілерімен бірге би флеш-мобына қатысады.

Сонымен қатар, бұл күні «Ғашықтар» саябағында мектепке дейінгі балалар арасында дәстүрге айналған «Астана шуақтары»  шығармашылық фестивалі өтеді. Елорданың ең  кішкентай тұрғындарына арнайы ұйымдастырылған  фестиваль қатысушылардың көңіл күйін көтеріп, ересектердің әсерлі сезімдерін оятып, көрермендердің  үлкен қошеметіне бөленбек.

 Мереке қонақтары мен Астананың қыз-жігіттерін ұмытылмас, жарқын «Таланттар мен табынушылар» атты концерттік бағдарлама күтуде. Мерекелік бағдарламаға  «Бәйтерек» хореографиялық ансамблі, «Жарық жұлдыз» би ансамблі, эстрадалық әндер студиялары: «Астана жастығы», «Ақша бұлттар», «Жұлдызды сәт», «Гүлдәурен», «Алтын дән» хореографиялық студиясы мен «Балдырған» халықтық  циркі  кішкентай  көрермендерге шаттық пен көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109