2235

Асық ату турнирі барлық ұлттық ойын әуесқойлары үшін мерекеге айналмақ

Астананың туған күні жыл сайын ән айтылып, би биленіп, түрлі ойындармен атап өтіледі. Қаланың әрбір тұрғыны өзіне қызықты іс-шараны таңдайды.

Астананың туған күні жыл сайын ән айтылып, би биленіп, түрлі ойындармен атап өтіледі. Қаланың әрбір тұрғыны өзіне қызықты іс-шараны таңдайды. Алайды, асық атудан «Алтын сақа» турнирі барлық астаналықтардың қызығушылығын туғызуы қажет. Ол үлкенді де, кішіні де бірдей баурайтын керемет ойын, деп санайды турнирді ұйымдастырушылар. 

Қазақстанда кейінгі жылдары ұлттық ойындарға деген қызығушылық, оның ішінде «асық ату» ойнына деген құмарлық арта түсуде. Жастар осы көбірек ойнап, мергендіктерін танытауда.  

Асық ату – бұл тек ойын ғана емес, көшбасшылыққа, ептілік пен батылдыққа тәрбиелейтін спорттың түрі болып табылады. Ол қисынды ойлау мен шеберлікке баулиды, - дейді ұйымдастырушылар.

 «Биылғы жылы спорттың ұлттық түрін насихаттау мақсатында елордада асық атудан «Алтын сақа» жарысы өткізіледі. Бұл ғалым-этнограф, жазушы Ақселеу Сейдімбекті еске алу үшін бесінші рет ұйымдастырылуда, - деп мәлім етті Қала күні іс-шараларын әзірлеу жөніндегі штабтан. 

Ұлттық ойынымыз асық ату сайысын өткізудегі негізгі мақсат - ұлттық спорт түрін қайта жаңғырту және дамыту, сондай-ақ, қала тұрғындары мен қонақтарының, әсіресе, балалардың аталған спорт түріне деген қызығушылығын арттыру.

  Турнир 7 шілдеде «Дәулет» спорткомбинатында өтеді деп жоспарланған. Ұлттық спорт түрін жетік меңгерген қауым осы жерде бас қосады. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар тарту етіледі.

 Ұлттық ойынмен жіті таныстыру мақсатында Астананың тұрғындары мен қонақтарына асық ату ойыны туралы әдістемелік құралдар үлестірілетін болады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109