2166

Қазақ тарихындағы қасіретті жылдар ұрпақ жадынан ешқашан өшпейді

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні Астанадағы «1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарының рухына тағзым» монументіне гүл шоқтары қойылды.

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні Астанадағы «1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарының рухына тағзым» монументіне гүл шоқтары қойылып, ашаршылық атты зұлмат құрбандарының рухына тағзым етілді. Еске алу шарасына ҚР Парламенті мен қалалық Мәслихаттың депутаттары, зиялы қауым өкілдері, танымал тарихшы-ғалымдар, мемлекеттік орган басшылары мен жастар қатысты.

Бұл – қазақ тарихындағы ең қаралы, ең қасіретті кезең. Ол туралы айту оңай болмағанымен, ол дәуірді бастан кешкендерді сипаттау одан да қиын. Жазықсыз жандар шетінен жүздеп, мыңдап емес, миллиондап қырылды. Аталған іс-шарада сөз алған Астана қаласы мәслихатының хатшысы Сансызбай Есілов:«Зерттеушілердің деректеріне сүйенсек, өткен ғасырдың 1921-22 жылдары қазақтардың саны 30 пайызға кемді. 1932 жылдары қолдан жасалған аштық құрбандары - 2 миллионға жуық. Қаншама қандасымыз жанын сақтап қалу үшін Қытай, Монғолия, Иран, Ауғанстан елдеріне шекара асып, тентіреп кетті. Ақиқатты айтып, қастандықпен жасалған саясаттың бетін ашқан Сәкен Сейфуллин, Тұрар Рысқұлов, Нәзір Төреқұлов сынды алаш ардақтылары, қоғам қайраткерлері ату жазасына кесілді»,  - деді. 

Сондай-ақ, ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш жанында сөз сөйлеген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл бұл ескерткіштің бой көтеруімен қатар халықтың тәуелсіз санамен ой көтергенін айта келе, «Осы алаңда жиылған қауымның барлығының жүрегінде сол қайғының қатып қалған дағы бар. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Менің халқым өзге ұлттың түсіне кірсе шошып оянатындай ауыр-ауыр тағдырларды бастан кешті. Тіпті, тұқым-тұқиянымен қырылып, жойылып та кететін кез болды. Бірақ, азаттыққа деген арпалыс, тәуелсіздікке деген талпыныс бүгінгі күнге жеткізді», - деді.

Мінекей, қаншама қырғын, қасірет пен аштық бастан өтсе де халқымыздың сағы сынбады. Ал, өткізілген іс-шара кек сақтау үшін емес, өткеннен сабақ алып, бабалар рухына тағы бір тағзым ету үшін ұйымдастырылған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109