1591

«АЛЖИР» зобалаңы санада жаңғырады

.31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алатын, XX ғасырдың зұлматына ұшырағандаррухына тағзым ететін күн. Бүгін осы атаулы датаға орай саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтары қойылды.

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алатын, XX ғасырдың зұлматына ұшырағандар рухына тағзым ететін күн.

Бүгін осы атаулы датаға орай «Саяси қуғын-сүргін  және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалдық-мұражай кешенінде» саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтары қойылды. 

Татьяна Никольская, қуғын-сүргін құрбанының ұрпағы:

Шешем 8 жылға «АЛЖИР» лагеріне қамалып, осында егіз балалы болған. Оның бірі мен болсам, бауырым 9 айлығында шетінеп кетіпті. Кішкентай кезімде мен де аурушаң болдым. Лагерде шешемнің қасында өсіп, жұмыс істеуге көмектестім. Ешқандай жағдай болмады, суық пен аштықтан басқаны көрмедік. Бүгінде Ресейде тұрсам да, өткенді еске алып, гүл қою үшін жылда келуге тырысамын.

Мәриям Бекмедеқызы –бала күнінен қайғы-қасіреттің дәмін татқандардың бірі. Әкесін аудандық атқару комитетінде жұмыс істеп жүрген жерінен ұстап әкетіп, шешесін лагерге айдауға жібереді. Сөйтіп 7 жастағы балауса қыз 15 жасар бауырымен дала кезіп, қайыр тілеумен күн кешкен. Бүгінде 85 жасқа келген қарт ана көзіне жас алып, өткенді тебірене еске алды.

Мәриям Бекмедеқызы, қуғын-сүргін құрбанының ұрпағы:

Мен ол кезде 7 жаста, ағам 15-те еді. Мені балалар үйіне алып кететін кезде ағам қайыр сұрасам да, жалғыз қарындасымды жібермеймін деді. Сосын көшеде қайыр сұрап жүрдік. Ағайын да, ешкім де керек қылған жоқ. Шешем лагерде, әкемді атып тастады ма, білмеймін. Кейін шешем қайтып келген соң трактор жүргізіп, күн көрдік. Үйдің асыраушысы деп ағамды оқытты да, маған күйеуің бағады деп оқытпады. 13 жасымда шахтада жұмыс істедім. 1945 жылы үйге жіберді, жаяу жүріп үйімді әрең таптым. Кейін тұрмысқа шықтым, 7 бала сүйдім.

Дәл осы Ақмола маңындағы Малиновка ауылына мыңдаған жазықсыз жандар Мәскеуден, Ленинградтан, Одессадан, Кеңес Одағының барлық түкпірінен әкелінген. Жалпы, қуғын-сүргін жылдары бүкіл елде 953 лагерь мен қоныс мекендері болған. Соның ішінде ГУЛАГ-тың 11 лагері Қазақстанда орналасыпты. Енді тәуелсіздік таңы атып, егемендік алғанда халықтың тілейтін бір ғана тілегі, ол - ел тыныштығы, келешек ұрпақтың бақыты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109