«Жас көшбасшылар академиясы» алғашқы түлектерге сертификаттар табыстады
Бүгін Астанада «Жас көшбасшылар академиясы» курсы өзінің алғашқы түлектерін ұшырды. Екі апта бойы, яғни, 13-25 мамыр аралығында бойында жастық жалыны шарпыған 50 студент түрлі жаттығулар бағдарламасының көмегімен көшбасшылықтың қыр-сырын меңгерді.
Жобаны ұйымдастырушы, астаналық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма қарапайым студенттен нағыз көшбасшы шығару мақсатында елорданың ЖОО мен ООО- нан 50 студент іріктеліп алынды.
Танымал қоғам және саясат қайраткерлері, іскер және халықаралық жаттықтырушылар жобаға қатысушыларға 10 күн бойы дәріс оқып, жаттығулар өткізді.
«Елордалық жастардың өкілдері білімдерін жетілдіріп, отандық бизнестің ілгері тұстарын меңгере отырып, болашақта серіктес, тұтынушы немесе достық араластықтағы қарым-қатынастарын жетілдіретін білікті адамдармен танысуға зор мүмкіндік алды»,- деп атап өтті ұйымдастырушылар.
«Жас көшбасшылар академиясын» тәмамдағанын растайтын сертификаттарды ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Әбенов пен ҚР мәжілісінің депутаты Алдан Смайыл табыстады.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz