1344

«Ақ найза» әскери-патриоттық ойынының жеңімпаздары марапатталды

Елордада «Ақ найза»әскери-патриоттық ойындары өз мәресіне жетті. Аталған шара Астананың 15-жылдық мерейтойы мен ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орайластырылған.

Елордада «Ақ найза»әскери-патриоттық ойындары өз мәресіне жетті. Аталған шара Астананың 15-жылдық мерейтойы мен ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орайластырылған. Дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан игі бастама биыл 5-рет өткізілді. Мыңға жуық адам қатысқан сайыс«Атамекен»  этно – мемориальды кешенінде қорытындыланды. Оны өткізудегі мақсат – жастардың патриоттық сезімін көтеріп, әскери рухта тәрбиелеу.

Сапар Ахметов, «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Бұл сайысқа қаладағы жоғары оқу орындары мен колледж студенттері, әскер қатарына шақырылғалы тұрған азаматтар қатысты. Астана қаласы жанында орналасқан әскери құрылымдар офицерлері жастармен жұмыс жүргізіп, әскерде болатын қиындықтар мен нағыз азаматтық қарым-қатынастың қыр-сырын түсіндірді.

Елордадағы 20-ға жуық оқу орнының түлектері 3 күн бойы әскери дайындықтары мен қарым – қабілеттерін сарапқа салды. Атап айтсақ, сап түзеп жүру, сапта ән айту, спорттық өнер көрсету сайыстары бойынша бақ сынасты. Аталған сайыстардан сүрінбей өтіп, оқ бойы озық шыққандар мақтау грамоталары мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Абылай Ибрайұлы, әскери-патриоттық «Ақ найза» ойынының қатысушысы:

Бұл ойын біздің патриоттық сезімімізді көтеріп, әскери дайындықты үйретті. Биыл біз лейтенант әскери шенін аламыз. Ол біздің жауапкершілігімізді арттырып, Отанды сүюге, Отанды қорғауға баулиды.

Ақтан Зайнолда, әскери-патриоттық «Ақ найза» ойынының қатысушысы:

Бізге бұл сайыста ешқандай қиындық туындамады. Өйткені әскери бөлімде 4 жыл тұратындықтан саппен жүру, сапта ән айту күнделікті үйренудеміз. Ал, бұл ойын жастардың ерік-жігерін көтеріп, Қазақстанның қауіпсіздігін қорғауға шыңдай түседі деп ойлаймын.

Елорданың 15 жылдық мерейтойы қарсаңында алғашқы әскери дайындық пәнінің ең үздік 15 оқытушысы мен елінің ұландарын қайрап, әскер қатарына қосуға атсалысып жүрген азаматтарға да сый-сияпат көрсетілді. Айта кету керек, аталған додада I-орын Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетіне, II-орын С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне, III-орын Астана Медициналық университетіне бұйырды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109