«Астана таңдауы» байқауының «Үздік инспектор» аталымына үміткер 200-ге жуық құқық бұзушылықты анықтаған
«Астана таңдауы» байқауы қала тұрғындары арасынан 7 мамандықтың үздіктерін іздеуді жалғастыруда. Бүгінге дейін «Астана таңдауы» қалалық байқауының «үздігі» атануға лайықтымын деген 160 адамннан өтініш түскен.
Сол үміткерлердің бірі - Астана қаласы ІІД Алматы аудандық Ішкі істер басқармасының ¹ 5 полиция бөлімшесінің учаскелік инспекторы Алмас Күлпейісов. Полиция капитаны 2013 жылдың бірінші тоқсанында жеке іздестіру шаралары арқылы бір қылмыстық істі әшкерелесе, тұрмыстық құқық бұзу саласы бойынша 20 бұзақыны алдын-ала тіркеуге қойған. Сонымен қатар ол 181 құқық бұзушылықты анықтаған.
Учаскелік инспектордың қызметі жанданып, ел арасындағы беделі жылдан-жылға артып келеді. Ол өзіне тиесілі әкімшілік аумағынында 5 рет тұрғындармен кездесіп, қоғамдық тәртіпті қадағалап, тұрғындар өмірі мен денсаулығын қорғауда адал қызмет етіп келеді. Сол еңбегі үшін тұрғындар тарапынан 15 алғыс хат алған
Алмас Күлпейісов «Астана таңдауы» байқауының «Үздік учаскелік инспектор» аталымына үміткер. Еске салайық, жалпы 7 аталым үміткерлеріне 10-25 маусым аралығында Астана қаласы әкімінің ресми сайтында www.astana.kz дауыс бере аласыздар
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz