1448

Көшпелілер фестивалі шағын киіз үй тігіп, киізден кілем тоқуды үйретеді

Астананың 15 жылдығын мерекелеу күндерінде Есілдің сол жағалауында кезекті рет ауқымды этно-ауыл қалашығы бой көтереді. «Хан Шатыр» СОО алаңында «Астана төңірегіндегі мыңжылдық» көшпелі өркениет фестивалі өтеді.

Астананың 15 жылдығын мерекелеу күндерінде Есілдің сол жағалауында кезекті рет ауқымды этно-ауыл қалашығы бой көтереді. «Хан Шатыр» СОО алаңында әлемдегі көшпелі өркениетке арналған жалғыз - «Астана төңірегіндегі  мыңжылдық» көшпелі өркениет фестивалі өтеді, - деп хабарлайды Астананың 15 жылдық мерекесін әзірлеу және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті штабының медиатобы. 

Биылғы жылы осы іс-шараның қонақтарын көптеген тосынсыйлар мен қызықты ойын-сауықтар күтуде. Олар -  киізден кілем тоқу этно-шоуы, қолданбалы өнер заттарының жәрмеңке-көрмесі, қазақтың ұлттық ойындары, көшпелі цирк, «Ат жалында» ат-спорты шоуы мен  «Костюмдегі тарих», тағы да басқа көптеген қызықтар.

Ал фестивальдің ең кішкентай келушілері үшін шағын киіз үй тігуден шеберлік дәрісі өтеді. Оған кез келген балдырған қатыса алады. 

Бұдан бөлек, астаналықтарға Айгүл Қосанова мен Рамазан Стамғазиевтің, соқпалы этникалық аспаптардың  концерттік бағдарламасы ұсынылады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109