1293

«Астана самалы» фестивалі– көңіл елітер музыкалық шоу

Астана күні қарсаңында қала тұрғындары мен қонақтары әсем әуен мен әуезді сазға бөленіп, түрлі мерекелік іс-шараларға қанық болады.

Астана күні қарсаңында қала тұрғындары мен қонақтары әсем әуен мен әуезді сазға бөленіп, түрлі мерекелік іс-шараларға қанық болады. Астана қаласының Мемлекеттік филармониясы да елорданы мерейлі мерекесімен құттықтап, өз тартуын ұсынбақ. Бүгінде аталған мекеменің үрмелі аспаптар оркестрі «Астана самалы» атты  үрмелі аспаптар  оркестрлерінің  халықаралық  фестивалі алдында дайындықтарын пысықтап жатыр.

Әкім Мұхатжанов, Астана қаласы Мемлекеттік филармониясының көркемдік жетекшісі, бас дирижері:

Бұл фестиваль биыл үшінші рет ұйымдастырылуда. Оған Астана, Алматы, Өскемен, түрік елінің үрмелі аспаптар оркестрлері қатысады. 4 шілдеде «Жастар» сарайы алдындағы алаңда фестивальдың ашылуы болады. Одан кейін «Бәйтерек», «Қазақ елі» монументтері, Астана қаласы әкімдігі алдындағы алаңда  концерттер ұйымдастырылып, Республика даңғылы бойымен оркестрлер шеруі жүріп  өтеді деп жоспарлануда.

Елордалық оркестр бүгінде күн демей, түн демей қызу дайындыққа кіріскен. Өйткені, екі жылда бір рет өтетін фестиваль тартуы биыл ерекше өтуі керек. Биыл оған еліміздің түкпір-түкпірінен келген өнер ұжымдары ғана емес, Түркияның «Мехтер» әскери-этникалық үрмелі аспаптар оркестрі қатысады. Сонымен қатар, салтанатпен сап түзеген оркестрлер бас шаһар көшелерімен жүріп өтпек. 

Азамат Ақтасов, Астана қаласы Мемлекеттік филармониясы Үрмелі аспаптар оркестрінің фаготисі:

Үрмелі аспаптар оркестрінде 5 жылдан бері жұмыс істеймін. Бұл ұжымның өзіндік орны ерекше. Өйткені аталған оркестр концерттеріне, түрлі фестивальдерге халық көптеп келеді. Қазіргі уақытта «Астана самалы» фестиваліне қызу дайындық үстіндеміз.

«Астана самалы» – үрмелі аспаптар фестивалі ғана емес, ол қайталанбас музыкалық шоу. Олай деуге негіз де жоқ емес. Оркестрлер қала көшелерімен жүріп өтумен қатар қан қыздырарлық музыкамен тұрғындарды билетпей қайтармаймыз деп отыр. Ендеше, әдемі әуенге елтіп, көңіл көтеруден сіз де қапы қалмаңыз. Фестиваль шілдедің 4-і мен 6-сы аралығында  өтеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109