1332

Қала күні Алматы ауданының әр ауласында мерекелік іс-шара өтеді

Астана күні - еліміз асыға күтетін мерекелердің бірі. Мереке арналған іс-шараны ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарына естеп кетпес қызықты көңіл күй сыйлау үшін қолдан келгеннің барлығын жасауда.

Астана күні - еліміз асыға күтетін мерекелердің бірі. Мерекеге арналған іс-шараны  ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарына естен кетпес қызықты көңіл күй сыйлау үшін қолдан келгеннің барлығын жасауда. Қазірдің өзінде Астананың мерейтойына дайындық қызу қарқын алып, түрлі іс-шаралар басталып та кетті. 

Әсіресе, мерекеде халықтың аз қамтылған топтарына барынша көңіл бөлінуде. Биылғы жылы сүйікті қаламыздың 15 жылдық мерейтойын Алматы ауданы да межелі табыстармен қарсы алуды көздеп, 106 орамішілік ауланы абаттандырып, онда 106 балалардың ойын алаңын, 34 спорт алаңын жабдықтауды жоспарлауда. Сонымен қатар, осы аулаларға  632 қоқыс жәшігі, 701 орындық, 84 орындық шатыр қойылады. Сондай-ақ, жалпы көлемі128 мың шаршы метрден астам жерге асфальт төселеді. Қазірдің өзінде 3 275 автотұрақ орны әзірленіп  24 мың шаршы метр жерге кеспе тас төселді.

Астана күні мерекесі аясында 11 аула мен 2 скверде 10 мың адамды қамтитын іс-шаралар ұйымдастырылады. 

Аула мерекесі қалалық мәслихаттың және ПИК төрағаларының қолдауымен тұрғындардың бастамасы бойынша өткізілуде.  Көптеген аулаларда балалардың ойын алаңдары мен спорт алаңдары орнатылып, онда балдырғандар үшін түрлі байқаулар ұйымдастыру жоспарлануда. 

Аулаларда «ұзақ жасаушы» «Алтын той иесі», «Жас отбасы», «ауланың байырғы тұрғыны» сияқты бірнеше аталымдар бойынша үздік тұрғындарды анықтау байқауларын да өткізу көзделген. Сонымен қатар, ҰОС қатысушылары мен тыл ардагерлерін, елорданың қарапайым тұрғындарын марапаттау салтанаты да өтеді.

Қала күніне бірқатар аулаларда қолданбалы өнер көрмесі мен Астана қаласының Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қолдауымен тұрғындардың денсаулықтарын тексеретін скрининг өткізіледі. 

Бұдан бөлек тұрғындар бойында жауапкершілік пен өз үйлеріне, ауласына, қаласына  деген қамқорлықты арттыру мақсатында алдын ала әзірленген ыдыстардағы гүлдер егіледі. 

Мереке әуеге бір мезгілде шарлар ұшырумен аяқталады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109