1230

Астана қаласы әкімінің сайты «Астана таңдауы» байқауының арқасында Казнетте рекордқа қол жеткізді

Қалық әкімдіктің ресми интернет ресурсы astana.kz сайтында 10 күннің ішінде 25000-нан астам жаңа әлеуетті пайдаланушы пайда болды.

Қалық әкімдіктің ресми интернет ресурсы astana.kz сайтында 10 күннің ішінде 25000-нан астам жаңа әлеуетті пайдаланушы пайда болды. Қала тұрғындарының мұнша назар аударуына себеп болған қаланың 15 жылдығына орайластырылған басты іс-шараның бірі - әлеуметтік саладағы үздік қызметкерлерді таңдайтын "Астана таңдауы" байқауы болып отыр. 

Жалпықалалық «Астана Таңдауы» байқауының басты мақсаты - қалалықтардың пікірінше, үздік педагогты, қоғамдық көлік жүргізушісін, инспектор мен дәрігерді, энергетик пен жолшыны және құрылысшыны анықтып, соларға дауыс беру. 

Дауыс берудің аяқталуына небары 5 күн қалды. Мамандардың болжамы бойынша, осы кезеңде порталға кірушілер саны 40 мың адамға дейін жетуі мүмкін. Бүгінде Казнеттегі бірде-бір интернет алаңы 2 аптада виртуальды кірушілер санының осыншама қарқынды өсуімен бұл көрсеткішке теңесе алмайды, - деп атап көрсетеді  Астананың 15 жылдық мерекесін әзірлеу және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті штабының медиатобы.

Астана әкімдегі сайтындағы дауыс беру жүйесі белгілі бір үміткерге электронды мекен-жайда тек бір дауыс беруге ғана мүмкіндік туғызады. Осы тұрғыдан алғанда дауыс берулер нәтижесі барынша шынайы, әділетті және нағыз өз ісінің көшбасшысын айқындауға бағытталған. 

Дауыстың көпшілігі мұғалімдер мен дәрігерлерге берілген. Әрбір тұрғын өз педагогын ең үздік деп санайды. Қазірдің өзінде мұғалімдерге 2000-нан астам дауыс берілді. Бүгінде дауыс саны бойынша әрбір аталымда әлеуетті көшбасшы анықталды. Дегенмен, 5 күнде жағдай түбегейлі өзгеруі мүмкін, деп санайды ұйымдастырушылар.  Жалпықалалық «Астана Таңдауы» байқауының жеңімпаздары халықтың сүйіспеншілігіне ие болумен қатар, материалдық сыйлықтар мен жүлделер алады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109