1132

Астана мерекесіне балдырғандар да балауса шығармаларын тарту етпек

Астана күнін атап өтуге он шақты күн қалды. Қала безендіріліп, жаңа нысандар бой көтеріп, көрмелер өтетін шатырлар орнатылып жатыр.

Астана күнін атап өтуге он шақты күн қалды. Қала безендіріліп, жаңа нысандар бой көтеріп, көрмелер өтетін шатырлар орнатылып жатыр. Бұл 15 жылдық мерейтойға 11 жасар Аида мен Үміт те өз үлестерін қоспақшы. Бала күндерінен өлең шығаруға әуес балауса қыздар Астана қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі ұйымдастыратын «Астана -  бағы биік асқарымсың» атты кітап және поэзия фестиваліне қатысып, бақ сынап көрмекші.

Аида Сағындықова, фестивальге қатысушы:

Мені фестивальге қатысуға Үміт атты құрбым шақырды. Содан кейін бірге қатысып, бақ сынап көрмекшіміз.

Үміт Байзақова, фестивальге қатысушы:

Өлең шығаруды кітап оқудан бастадым. Білім жинап, сөздік қорымды көбейттім. Содан кейін өлең жаза бастадым. Кітап жинағанды жақсы көремін. Кітапханаға келіп, ақындардың кітаптарын оқимын. Мұндай байқауға бірінші рет қатысып отырмын.

Фестивальде Аида мен Үміт Астанаға арнап шығарған өлеңдерін оқиды. Сонымен қатар жыр мүшәйрасына белгілі ақын-жазушылар, 15 жасқа дейінгі өлең жазатын бүлдіршіндер мен«Шабыт» халықаралық жастар шығармашылығы фестивалінің жеңімпаздары мен лауреаттары қатысады.

Сапарғали Медеубеков, Астана қаласы «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің» директоры:

Ақындар мүшәйрасына Фариза Оңғарсынова, Несіпбек Айтұлы, Әкім Тарази, Бақытжан Тобаяқов сынды ақындар қатысады.«Мен елімнің тірегі» атты балалар шығармашылығы байқауы өтеді. Биыл «Балдырған» журналына  - 55 жыл. Осы мерейтойға орай Мұзафар Әлімбаев оқулары болады. Көрмеге Елбасының кітаптарынан бастап көптеген жазушы, ұлы тұлғалардың кітаптары қойылады. Мұнда бір жағынан насихат жүргізу, екінші жағынан жас ақындарға қолдау көрсету. Астана күніне әркім өз үлесін қосуы керек. 

Астанадағы Абай ескерткіші маңында өтетін фестиваль «Астана – бағы биік асқарымсың», «Мен елімнің тірегімін» және «Мұзафар Әлімбаев оқулары» сынды үш кезеңде өтеді. Кітап көрмесіне 500-ден астам кітап қойылады деп күтілуде. Фестиваль жеңімпаздары дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109