1230

«Астанам - бақыт қаласы» балдырғандар мерекесі өтеді

Астана қаласының 15 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Мұражайында ең кішкентай астаналықтар үшін «Астанам - бақыт қаласы» мұражайдық балалар мерекесі өтеді.

Астана қаласының 15 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Мұражайында ең кішкентай астаналықтар үшін «Астанам - бақыт қаласы» мұражайлық балалар мерекесі өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына мұражайдың баспасөз қызметі мәлім етті. 

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мұражайы өзінің танымдық қызметінде балалардың жан-жақты дамуына бағытталған жұмыстар атқарып келеді. Осындай ең негізгі сәттердің бірі балдырғандарды еліміздің және басқа да мемлекеттердің мәдени дамуымен, өркениетімен, салт-дәстүрімен, таныстырып, олардың бойында әлемдегі түрлі мәдениетке деген құрмет сезімдерін қалыптастыру, төзімділікті тәрбиелеу болып табылады. 

Қаланың мектепке дейінгі мекемелерімен бірге атқарып келе жатқан бұрыннан қалыптасқан ізгі іс-шаралар Мұражай мен Астана қаласы Білім басқармасының ынтымақтастығының жемісі деп толық айтуға болады. Баршаға мәлім, мектепке дейінгі кезең сәби бойындағы ерекше қабілеттің көрінетін, сол арқылы барлық жақсы қасиеттердің қалыптасатын уақыты. Бүлдіршін осылай төңірегін танып-білу арқылы бойына отансүйгіштікті, өзіне жақын адамдарға, балабақшасына, туған қаласына, Отанына деген балалық сезіміді сіңіреді. Ал бұл оның азамат болып жетілуі үшін аса қажет.

Балалар мерекесі қалалық №11 «Гауһар» ясли-бақшасының ұжымымен бірге әзірленді.

Мереке бағдарламасына қазақ халқының аңыз-ертегілері, «Көпұлтты Қазақстан» би отшашауы, Астана, достық пен балалық туралы әндер мен жырлар енгізілген. Мерекелік іс-шараның қорытындысында осы тамаша мерекені ұйымдастырушылар тарапынан сәбилерге тосынсыйлар жасалып,  ескерткіш сыйлықтар тапсыру жоспарланған. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109