Ауқымды костюмдік қойылым мен 3D шоуы астаналықтар үшін нағыз тарту болмақ
Сәулетті 3D мэппинг пен театрландырылған қойылым 6 шілдеде «Астана Опера» опера және балет театрының алаңында өтеді, - деп хабарлайды Астананың 15 жылдық мерекесін әзірлеу және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті штабының медиатобы.
Жаңа аудио-көрнекті өнеріне бағытталған сәулетті 3D мэппинг - бұл «Астана Опера» опера және балет театры ғимаратында жүйеленген бейнекөріністерді ұсынатын Астанада тұңғыш рет өткізіліп отырған шоу. Жас елорданың қалыптасу кезеңін көз алдыңызға әкеліп, қала тарихына, оның тұрғындарына, таңғажайып сәулет өнеріне байланысты әңгімелеп, бірегей керемет роликтерді астананың туған күні мерекесінде көрсетеді.
3D мэппингтің аудиториясы кең. Мұндай көздің жауын алар керемет іс-шараға мыңдаған көрермен жиналып, оны тек тамашалап қоймайды, бейнекамераға жазып та алады. Сосын оны миллиондаған адамдар қарайтын Интернеттегі бейнероликке қосады.
Бұл технологияның негізінде жүйелі көріністердің көлемін ескеретін 3D үлгісі жатыр.
6 шілдеде Астанада ауқымды мультимедиялық шоу көрсетіледі. Елорданың барлық тұрғындары мен қонақтары үшін «Астана Опера» опера және балет театры алдындағы алаңда 6 шілдеде 22.00-де шынында да ұмытылмайтындай тарту жасалмақ.
Ал, 6 шілде күні 20.00-де қала тұрғындары мен қонақтары «Астана Опера» опера және балет театры алдындағы алаңда қаланың туған күніне орай керемет театрландырылған көріністер көреді.
Екі сағатты ауқымды іс-шараға түрлі өнер жанрындағы 60-тан астам әртістер қатысады деп жоспарлануда. Соның ішінде атақты алматылық «АртиШОК» театры екі қызықты спектакль көрсетпек. Сыйқырлы қимылды «Амстердам» театры, елорданың би командасы, қалалық оркестр думанды қыздыра түспек. Ең кішкентай көрермендер үшін аквагрим шеберлері жұмыс істейді. Қойылымның қонақтарын,бұдан басқа, көптеген тосынсыйлар, музыкалық әсем әуендер, қызықты көріністер шаттыққа бөлейтін болады. Барлық тілек білдірушілер ұйымдасқан түрде қызық көре жүріп, 6-сы мен 8 шілдеге дейін өздері үшін арнайы тігілген екі шатырдан дәм тата алады.
Іс-шараның ең шарықтаған қызықты сәті «Астана Опера» опера және балет театры алдындағы алаңдағы 22.00-де басталатын 3D шоу театрландылырған қойылымы болмақ.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz