«Аула күні» мерекелік акциясы қала тұрғындарын қуантуда
Астананың 15 жылдық мерейтойы аясында қалада мерекелік
іс-шаралар мен акциялар өткізу одан әрі жалғасауда. Тұрғындар мерекені өз
аулаларында ұйымдастыруда. Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен Жастар
саясатын қолдау жөніндегі Мемлекеттік қордың бастамасы бойынша қалада «Аула
күні» акциясы әр аула тұрғынын қуанышқа бөлеуді одан әрі жалғастыруда.
Сарыарқа, Есіл, Алматы аудандары бойынша өткен акция барысында Автокеруен астаналықтарға
мерекелік көңіл күй сыйлады.
29 маусымда Автокеруен Есіл ауданына келді. Есіл ауданының тұрғындары өз аулаларында думанды топты құшақ жая қарсы алды.
Еңбектеген сәбиден еңкейген кәріге дейін - барлығы 400-ден астам адам байқау бағдарламасына, эстафетаға қатысып, концерт көрді. Спорттық іс-шараларға атсалысты. Дос, JanSax, «Трио Z» қазақстандық эстрада жұлдыздары мен «Студент көктемі - 2013» ауқымды фестивалінің лауреаттары Мөлдір Ерназар, Эльдар Омаров «Bestseller» және би ұжымы көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
«Бұл іс-шара маған өте ұнады. Мен бүгін мұнда достарымды да ертіп келдім. Жасөспірімдер санатында болсақ та біз мұндай мәдени-көпшілік іс-шараларға белсене қатысамыз. Әсіресе, маған сайқымазақтар мен ертегі кейіпкерлері өте жақсы әсер қалдырды» - деп өз ойын жеткізді 9 жасар астана қаласының тұрғыны Мәдина Есмұрат.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған акция көрші мен көршінің, үймен үйдің арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтып, мерекеде барлық астана тұрғындарына айырыша көңіл күй сыйлайтын көрінеді.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz