1468

«Аула күні» мерекесі қаланың барлық ауданында жалғасуда

Таза, күтім көрген аулалар қашанда қаланың сәні екені сөзсіз. Аула - балалар ойнап, үлкендер демалатын жер ғана емес, ол сонда тұратын адамдардың мәдениетінің де айнасы іспетті.

Таза, күтім көрген аулалар қашан да қаланың сәні екені сөзсіз. Аула - балалар ойнап, үлкендер демалатын жер ғана емес, ол сонда тұратын адамдардың мәдениетінің де айнасы іспетті. Айту керек, Астананың 15 жылдығы мерейтойы аясында 300 аула жөнделіп, қала тұрғындары мен қонақтарына салауатты өмір салтын ұстанып, алысқа бармай-ақ,  бос уақыттарын мазмұнды өткізулеріне толық мүмкіндік береді.

Сәуір айының ортасында басталған абаттандыру жұмыстары қазір қалада барынша қарқынды жүргізілуде. Асфальтбетон төселіп,  жарық беру тіреуіштері орнатылуда, шағын сәулет үлгілері - кешенді балалар ойын алаңы, спорт алаңы, орындықтар мен қоқыс жәшіктері, декоративті қоршаулар қойылуда. Осылардың барлығы  -көпшіліктің асыға күткен жарқын мерекесі қала күні тұрғындар мен қонақтар жақсы демалып, бүлдіршіндер үшін ыңғайлы да жайлы болсын деген ниеттен туған қамқорлықтар. 

Атап айтқанда, Бөгенбай батыр, Жангилдин, Есенберлин, Қонаев, Айнабұлақ, Арнасай және басқа да көшелер бойындағы үйлер аулаларына жаңа тротуралар салынып, орындықтар қойылды. Аудан әкімдіктері аулаларды абаттандыру жұмыстарын қатаң бақылауға алуда. Әр жарық беру фонарьлары мен сынған орындықтар уақытында ауыстырылатын болады.  Астана күні мерекесінде қаланың барлық аулалары ретке келтіріледі. 

Тек Есіл ауданында Астана күні қарсаңында 15 спорт, 26 балалар алаңы салынады. 

Ал, Алматы ауданында  106 орамішілік аула абаттандырылып, 106 балалар алаңы, 34 спорт алаңы, 701 орындық, 84 шатыр орындық қойылады. Сондай-ақ, жалпы көлемі 128 мың шаршы метрден астам аумақ асфальтталады. Қазірдің өзінде 3 275 автотұрақ орны жасақталып, 24 мың шаршы метр жерге кеспе тас төселді. 

Сарыарқа ауданында - 90 аула, Есіл ауданында 36 аула ретке келтіріліп, абаттандырлады. 

Осы іс-шаралардың барлығы алда тұрған Астана күн мерекесіне әлеуметтік жағынан нақты ойластырылған, елорда тұрғындары үшін үлкен қамқорлық болып табылады. Қаланың әр тұрғыны үшін - лифт, автотұрақ, балалардың ойын алаңы мен мұнтаздай таза ауланың маңызы өте зор екені белгілі.   

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109