1330

Бүгін мерекелік автокеруен Алматы ауданына қызықты кеш сыйлайды

Астана қаласында 15 жылдық мерейтойы аясында мерекелік іс-шаралар мен ауқымды акциялар жалғасуда. Қала көшелері әсем безендіріліп, алаңдарға әдемі саханалар қойылған.

Астана қаласында 15 жылдық мерейтойы аясында мерекелік іс-шаралар мен ауқымды акциялар жалғасуда. Қала көшелері әсем безендіріліп, алаңдарға әдемі саханалар қойылған. Әншілер мен әртістер, сайқымазақтар мен бишілер жас астаналықтардың көңілдерін көтеріп, оларға өнерлерін ұсынуда. Аулалардың спорт алаңдарында жарыстар ұйымдастырылып, ұлттық ойындар ойналуда. Осының барлығы Астана күні қарсаңында қала тұрғындары мен қонақтарының бос уақыттары мен демалыстарын мазмұнды өткізуі мақсатында өткізілуде. 

 Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен Жастар саясатын қолдау жөніндегі Мемлекеттік қордың бастамасы бойынша  «Аула күні» мерекесі қалалықтарды одан әрі қуанышқа бөлеуде. Бүгін ауа райының қолайсыздығына қарамастан, 18.00-де Алматы ауданының М.Жұмабаев көшесінде мерекелік іс-шара өтеді. 

Көңілді концерттік бағдарламамен қатар футболдан, шахматтан, дойбыдан, армрестлинг пен арқан тартудан жарыстар ұйымдастырылып, белсенді қатсушыларға ескерткіш сыйлықтар  мен жүлделер тапсырылады. 

 Таза, күтім көрген аулалар қашанда қаланың сәні екені сөзсіз. Аула - балалар ойнап, үлкендер демалатын жер ғана емес, ол сонда тұратын адамдардың мәдениетінің де айнасы іспетті. Айту керек, Астананың 15 жылдығы мерейтойы аясында 300 аула жөнделіп, қала тұрғындары мен қонақтарына салауатты өмір салтын ұстанып, алысқа бармай-ақ  бос уақыттарын мазмұнды өткізулеріне толық мүмкіндік береді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109