2005

Тұңғыш Президент Мұражайы қорына сирек кездесетін және бірегей 15 жиынтық берілді

Бүгін Астанада Павлодар облысының делегациясы ҚР Тұңғыш Президенті Мұражайы қорына сирек кездесетін және бірегей туындыларының 15 жиынтығын тапсырды.

Бүгін Астанада Павлодар облысының делегациясы ҚР Тұңғыш Президенті Мұражайы қорына аймақтың танымал қайраткерлері мен ғалымдарының, атақты адамдарының сирек кездесетін және бірегей туындыларының 15 жиынтығын тапсырды. Акция Астананың 15 жылдығы құрметіне «Айбынды Астанаға Ертіс-Баян баурайынан тарту» тақырыбында өтті.

«Бүгін Мұражай 15 сирек кездесетін және бірегей басылымды қабылдады. Олардың қатарында қазақ және орыс тілдерінде - «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы», «Сұлтанмахмұт Торайғыров», «Павлодарлық Ертіс өңірі» энциклопедиялары бар. Сондай-ақ,  Е. Бекмахановтың, Г. Потаниннің, П. Васильевтің таңдамалы шығармалар жинақтары мен С.Торайғыров шығармаларының толық томдары енген», - деді салтанатты рәсім кезінде Павлодар облыстық Мәдениет басқармасының жетекшісі Роза Қадысова.

Тұңғыш Президент Мұражайы мұндай өте құнды сыйлық алып тұрған бірінші мекеме. Бұдан бөлек, кітаптар алдағы уақытта Астана қаласындағы ҚР Ұлттық мұражайы, ҚР Парламентінің кітапханасы, Назарбаев Университеті, ҚР Оқушылар Сарайы, тағы да басқа ірі мәдени мекемелерге берілетін болады. Барлығы 202 түрлі 3135 кітапты сыйлау жоспарланған. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109