1285

Аула мерекесі астаналықтарды шаттыққа бөледі

Астана күнін атап өтуге небары үш-ақ күн қалды. Осыны ескерген аудан әкімдіктері аулаларда абаттандыру жұмыстарын пысықтап, тұрғындардың мерекелік көңіл-күйлерін шарықтатуда.

Астана күнін атап өтуге небары үш-ақ күн қалды. Осыны ескерген аудан әкімдіктері аулаларда абаттандыру жұмыстарын пысықтап, тұрғындардың мерекелік көңіл-күйлерін шарықтатуда. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан аула мерекесі Сарыарқа ауданында өз жалғасын тапты. Аудан әкімі Ермек Оспанов тұрғындарды мерекемен құттықтап, сый-сияпат тарту етіп, астаналықтардың ризашылығына бөленді.

Ермек Оспанов, Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімі:

Бүгін үлкен мереке.Астананың 15 жылдығына орай аула мерекесін өткізіп жатырмыз. Ауа райына қарамастан тұрғындар аулаға шығып, мерекеге атсалысуда. Бір аулада тұрғаннан кейін бір-бірін қолдап, аула күтімін сақтап, қызығын көрсін деген мақсатта ұйымдастырылуда. Әкімнің тапсырмасы бойынша Сарыарқа ауданында 260 аула биыл тапсырылады. Аулаларда жөндеу жұмыстары көктемнен басталған. Әр ауланың абаттандырылу жұмыстары біткен соң осындай мерекелік шаралар жалғасады.

Осы күнге дейін бірнеше аулада жөндеу жұмыстары бітісімен, концерттік бағдарлама, балалардың сурет көрмесі, түрлі ойын-сауықтық бағдарламалар ұйымдастырылған. Тұрғындар мұндай құрметке дән риза.

Лина Жамалова, Астана қаласының тұрғыны:

Қаншама көп өзгерістер болды. Целиноград қаласы деп аталды. Оны да көрдім. Жақын маңдағы ауылдарда жұмыс істеп, еңбек сіңірген адаммын. 36 жыл еңбек өтілім бар. Сарыарқа ауданында дүниеге келгенмін. Әлі күнге осы жерде тұрамын. Бүгінгі өткізіліп жатқан мереке үшін өте ризамын. Көңілім көтеріліп, бір жасап қалдым.

Жалпы жазғы маусымда 260 аулада жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Онда асфальтты бетон төсеу, тротуарларды қалыпқа келтіру,  декоративті қоршаулар орнату, спорт алаңқайларын салу, балалар алаңдары мен қарттардың демалыс орындарын да құрылғыларымен жабдықтау қарастырылған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109