1398

Ұйымдастырушылар Астананың 15 жылдығын мерекелеу күндері өтетін көпшілік іс-шаралар туралы кеңінен әңгімеледі

Бүгін ұйымдастырушылар баспасөз мәслихатын өткізіп, алда тұрған қызықты іс-шаралар туралы әңгімеледі.

Бүгін «Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана», «Өзен әуендері» классикалық музыка кеші, «Астана-Арқау» түрік музыкасы фестивалінің ұйымдастырушылары баспасөз мәслихатын өткізіп, алда тұрған қызықты іс-шаралар туралы әңгімеледі. 

2013 жылы 4-7 шілде күндері «Хан Шатыр»  сауда - ойын сауық кешені алдындағы алаңда «Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» көшпенділер өркениетінің фестивалі өтеді.

Еуразиялық көшпенділер өркениетінің негізгі тұғыры - жылқы. Осы фактінің айғағы ретінде шебер шабандоздар «Ат жалында» деп аталатын қызық думанды ат - спорт ойындарын көрсетеді. «Менің кішкентай ақ отауым» деп аталатын шоу-фестивальдің ең жас қонақтарына арнайы дайындалған тосын тарту. Киіз үйдің ғажап құрылымын, жасау-жабдықтарын, қалай тігілуін балалар да, ересектер де өз көздерімен көріп, тамашалай алады. Фестиваль ауқымында қолөнер бұйымдарының ұлан-асыр жәрмеңкесі қызады. Қолөнерші, ұста, шебер, зергерлердің қолынан шыққан сан түрлі тұрмыстық, сәндік әшекей, жәдігерлік дүниелер көпшілік талғамына тартылады. «Фольклордағы ғұмыр» -  әр қилы жанрдағы қызықты тұрмыс-салт музыкасына құрылған бағдарлама. Жеке аспапта орындаушылар, әншілер, жыршы, ақындар, фольклорлық-этнографиялық ансамбльдер бар. Фестивальге ұзын-саны 400-ден астам орындаушылар қатысқалы отыр. Түркітілді елдерден келетін қонақтарға айырықша назар аударылмақ. «Ақ сандық, көк сандық» деп аталған ойын алаңында қазақша күрес, тоғыз құмалақ, т.б. ұлттық спорт ойындары өткізіледі. Дәстүрлі музыка аспаптарының қазіргі кеңінен танымал түрлері де, сирек кездесетін көне нұсқалары да жинақталып, қойылатын көрме - фестиваль алаңындағы ерекше мәнді орындардың бірі.  Дәстүрлі аңшылықтың және бір қызығы - құмай тазыларды көріп, тамашалайды.  - деді баспасөз мәслихаты барысында «Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» фестивалінің режиссері  Вячеслав Гончаров.

Фестиваль  11.00-ден 23.00-ге дейін тоқтаусыз жұмыс істейді. Сонымен қатар, ұйымдастырушылардың айтуынша, жаңбыр да, күн де кедіргі келтіре алмайтын фестиваль жабық шатыр астында өтетін көрінеді. 

Бұдан думаны кем емес «Өзен әуендері» классикалық музыка кеші де естен кетпестей қызықтарға толы болмақ 

4-6 шілде аралығында Есіл  үстінде Брамс, Берлиоз, Штраус, Россини, Оффенбах, Равель, Сен-Санс, Чайковский, Джадзотто, тағы басқалардың тамаша туындыларының сазы қалықтайды. Оркестрге әлемге мәшһүр маэстро Кристиан Санду дирижерлік етеді. Кештің екінші күні Дж.Вердидің 200 жылдығына арналып, айдын бетінде алғаш рет әйгілі «Травиата» операсының қойылымы өтеді. Операдағы жетекші партияларда (Альфред пен Виолетта) арнайы шақырылған кеш қонақтары - халықаралық конкурс лауреаттары Мариус Влад (тенор) пен Ирина Иордоческу (сопрано) орындайды. Кеш, кейінгі жүз жыл бойы тыңдарман жүрегін жаулап келе жатқан джаз музыкасының концертімен аяқталды. Астана және елорда қонақтарының алдында бұл жолы Алматы мен АҚШ биг-бэндтері өнер көрсетеді.

«Оркестрдің дирижері - Румыниядан келген әлемге танымал маэстро Кристиан Санду. Аталған фестивальге жыл сайын бірнеше мыңдаған адам келеді. Біз бұл жолы әдеттен тыс классикалық музыка кешін ұйымдастыруды жөн көрдік», - дейді «Өзен әуендері» классикалық кешінің қоюшы-режиссері Қуаныш Оразғалиев.

3 - 5 шілде аралығында өтетін «Астана-Арқау» түркі музыкасының фестивалі ұйымдастырушылары да іс-шараның қызықты жайттарымен бөлісті.  Бес жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан «Астана-Арқау» түркі музыкасының фестивалі түркі халықтарының мәдени интеграциясы үдерісінде өзіндік елеулі орны бар музыкалық шараға айналды. Осы жылдар ішінде фестивальге барлық  түркі халықтарының дерлік дәстүрлі музыка өкілдері - 400-ге тарта музыканттар мен ғалымдар қатысты.  Соның ішінде, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, сондай-ақ, Алтай, Башқұртстан, Гагаузия, Хакасия, Саха, Татарстан, Тыва, т.б. түркі ұлттық автономияларының әншілері мен ғалымдары, аспаптық орындаушылары - фестивальдың тұрақты қонақтары.  «Астана-Арқау» фестивалінің бағдарламасы әу бастан-ақ қазіргі түркілер этномузыкасындағы әр алуандықпен қатар, өзара жақындастыра түсер ортақ сипаттарды айқындауға құрылған. Фестиваль қонақтары биыл да әр елден келген әншілер мен аспаптық орындаушылардың ғажайып музыкалық композицияларын тыңдап, көруге мүмкіндік алады», - деген ойын жеткізді баспасөз мәслихаты барысында этно-музыка зерттеушісі  Ирфан Гурдал.

Биыл «Астана-Арқау» фестивалінің қатысушылары 4 және 5 шілдеде «Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» көшпелі өркениет фестивалі сахнасында өнер көрсетеді. 

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109