1534

«Балалар - Астана жүрегі!» мерекесі көпшіліктің көңілінен шықпақ

Күннен күнге жасанып, сұлулығымен әлем назарын аудара бастаған бас қаламыздың көшелері мен саябақтары, аулалары мен алаңдары қызық пен думандарға, ән мен күйге, жыр мен биге бөленген.

Астананың туған күнін тойлау - тек астаналықтар үшін ғана емес, бүкіл еліміздің тұрғындары үшін де үлкен мереке.  Күннен-күнге жасанып, сұлулығымен әлем назарын аудара бастаған бас қаламыздың көшелері мен саябақтары, аулалары мен алаңдары қызық пен думандарға, ән мен күйге, жыр мен биге бөленген. Оған тағы бір мереке қосылды.

Биыл да 6 шілдеде  Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының алаңында «Балалар - Астана жүрегі!»  мерекесі өткізіледі.

Оқушылар сарайының шығармашылық ұжымдарының орындауындағы  мерекелік бағдарлама үнемі қайталанбас және  ұмытылмас балалық бояуларға, күн сәулесіндей нұрға , жастықтың жалынына  толы болады.

Аспан асты сахнада Мектеп оқушылары сарайының  «Бәйтерек» хореографиялық ансамблінің тәрбиеленушілері «Даладағы дабыл» биін, «Алтын дән» хореографиялық ансамблі  «Балбырауын» биін билейді.

«Балдырған»  халықтық циркі мен  жас әртістер  өз таланттарымен, шеберлігімен көрермендер көңілінен шыға білмек.

Сонымен қатар Астана күні Астана Құрдастарына да салтанатты түрде құрмет көрсетіледі. Биылғы 15-жылдық мерейтойда Астана Құрдастары  мерекелік Балын ұйымдастырды. Балдың ханзадасы және ханшайымы болып №60 лицейдің оқушылары - ЕлданТілеубергенов пен Дана Смағұл тағайындалды.

 І «Астана Құрдастары»  қалалық Балдың қатысушыларына естелік сыйлықтар тапсырылады.

Сондай-ақ, алаңда байқаудың қатысушылары мен жеңімпаздарын марапаттау салтанаты да өтеді. Онда  Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының шығармашылық  ұжымдары қала тұрғындары мен қонақтарына өз өнерлерін ұсынады.

Әсем Астананың 15 жылдық мерейтойына арналған  іс-шара астаналықтардың есінде ұзақ сақталып қалады деген сенім мол.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109