1760

Биыл Ораза тұту 9 шілдеден басталады

Бұл туралы бүгін «Бәйтерек» халықаралық медиа орталығында өткен баспасөз мәслихатында Астана қаласының және «Нұр Астана» Орталылық мешінің бас имамы Қалижан Заңқоев мәлім етті.

Биыл мұсылмандардың қасиетті айы Рамазан 9 шілдеден басталып, 7 тамызға дейін жалғасады. Бұл туралы бүгін «Бәйтерек» халықаралық медиа орталығында өткен баспасөз мәслихатында Астана қаласының және «Нұр Астана» Орталық мешінің бас имамы Қалижан Заңқоев мәлім етті. 

«Биыл Рамазан айының басталуы 9 шілдеге келіп отыр. Таң намазы 3.30-да оқылады. Рамазан мұсылмандар үшін ең қасиетті де сауабы мол ай. Ол адамды төзімділікке, сабырлылық пен ұстамдылыққа үндейді. Мезгілдің жарық кезінде жан иесі тек тамақтан ғана бас тартпай, барлық жаман әдеттерден бойын аулақ ұстауы тиісті. Биыл Рамазан айы 30 күнге созылады. Қасиетті Рамазан айында ораза ұстау мен намаз оқудың кестесі жасалған. Тек біздің мешіттің өзінде оның 100 мың данасы таратылуы жоспарланған. Айтпақшы, өткен жылы біз осындай кестенің 60 мыңын таратқан болатынбыз. Жыл өткен сайын ораза ұстаушылар саны артып келеді», - деді Қалижан Заңқоев.

Ол сондай-ақ, биыл ораза тұту тәулігіне 18 сағатқа созылатынын да тілге тиек етті. Алла тағаланың ризалығы үшін әр мұсылман ынта-ықыласымен таң атқаннан күн батқанға дейін ниет етеді, -деп атап көрсетті. 

Қасиетті ай тусымен ораза ұстау - мұсылман үшін Исламның бес парызының бірі.

Ораза кезінде мұсылман адамның аузы ғана берік болмайды, ол жаман әдеттерден де тыйым болады. Біреуді ренжітпей, артық-ауыс сөз айтпай, барынша сабырлы да, ұстамды болуы қажет. Рамазан айында мұсылмандар бес мезгіл намазын қаза қылмай, Құранның сүрелерін оқып, жақсы, ізгілікті іс істеуге талпынады. Зекет береді. Биылғы жылы пітір садақасы - 150 теңге көлемінде белгіленді. 

Сәресін ішу таң намазының кіруіне 10 минут қалғанда тоқтатылып, Ақшам намазының уақыты болысымен ауызды құрмамен немесе сумен, жеміс-жидекпен ашады. Жақын-жуығын, көрші-көлемін, туыс-достарын шақырып, «ауыз ашар» береді. 

«Мұсылман үшін ораза тұту тек ішіп-жемді тыюмен шектелмейді. Бұл айда әркім де көбірек қайырымдылық істер жасап, жетімдер мен жесірлерді жебегені, өзінің рухани байлығын молайтқаны жөн. Сол арқылы Жаратқан Иемізден біліп-білмей істеген күнәлар үшін кешірім сұрайды»,- деді  Имам.

Тамыздың 3-інен 4-іне қараған түн - қасиетті Қадір түні. Ал 8 тамызда мұсылмандардың сүйікті мерекесі Ораза айт басталады. Айт намазы Астана қаласының мешіттерінде 7 тамызда таңертеңгі 6.30-да өтеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109