1388

Ежелгі музыканың сазды әуездері баурайды

«Ханшатыр» СОО алдындағы алаңда көшпенділер өркениеті қоныс тепті. Онда «Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» атты фестиваль аясында қала күніне арналған бірқатар мерекелік шара өтеді. Бағдарламада қазақтың салт-дәстүрі ұсынылған.

«Ханшатыр» СОО алдындағы алаңда көшпенділер өркениеті қоныс тепті. Онда «Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» атты фестиваль аясында қала күніне арналған бірқатар мерекелік шара өтеді. Бағдарламада қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, дәстүрлі ән, би өнері мен саятшылығы, қолөнер шеберлігі халық назарына ұсынылған.

Игорь Фролов, фестиваль ұйымдастырушысы:

Ауа райы күткендей болмады. Бірақ, оған қарамастан,  қала тұрғындары мен қонақтарына арнап мереке ұйымдастырудан шаршамаймыз. Бағдарлама аясы кеңейіп, көптеген тосынсыйлар болмақ. Ал, басты сыйлық – Тыва республикасының «Хуун Хуур Ту» тобы «Дыбыс сиқыры» атты кеш сыйлап, астаналықтарды көмекеймен ән айту өнерімен тамсандырады.

Дәстүрлі фестиваль алтыншы рет өтуде. Әр жылдың ерекшелігі өзінше болғанымен, биылғы жылдың жөні бөлек. Фестиваль аясында 25-тен астам іс-шара өтіп, киіз басып, музыкалық аспап, түрлі бұйым жасап үйренем деушілер үшін шеберлік дәрістері өтеді. Ал, шетелдік қонақтар үшін арнайы топ жасақталған.

Нәзипа Әбдісаттарова, зейнеткер:

Арнайы Астананың туған күніне орай Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданынан келдік. Бірінші рет келіп отырмыз. Өте ұнады, алған әсеріміз керемет. Қала күні құтты болсын, астананың ғұмыры ұзақ болсын. Бұдан да өркендеп, жастар қаласына айналсын.

Ал, ұлттық аспап жасаумен айналысатын алматылық шебер Мейірбек Ділмановтың мерекеге дайындығы ерекше. Ол фестивальге 500-ден астам аспап, ұлттық кәдесый түрлерін алып келген.

Мейірбек Ділманов, фестивальге қатысушы:

Фестивальге бірінші рет емес, жыл сайын қатысамыз. Қазақтың қандай, қанша ұлттық аспабы барын көпшілікке көрсеткіміз келеді. Біздің фирма 40-тан астам аспап түрін жасаумен айналысады. Елдің қызығушылығы жоғары, келіп көріп, ұнағанын сатып алуда.

Фестиваль 4-7 шілде аралығында өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, оны 10 000-ға жуық адам тамашалайды деп күтілуде.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109