1424

Астана мен Ницца өзара бауырластық орнатты

Екі қала арасындағы достыққа 2013 жылдың 5 шілдесінде Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов пен Ницца мэрінің бірінші орынбасары Бенуа Кандель қол қойды, - деп хабарлайды Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.

Екі қала арасындағы достыққа 2013 жылдың 5 шілдесінде Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов пен  Ницца мэрінің бірінші орынбасары  Бенуа Кандель қол қойды, - деп хабарлайды Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.

Құжат Астана мен Лазурлық жағалау Ницца қаласының арасындағы өзара түсіністік пен тең дәрежеде серіктестік орнатуға бағытталған. Тараптар бірқатар басым бағыттар бойынша ынтымақтастық туралы келісті. Атап айтқанда, Астана мен Ницца сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге, экономика, мәдениет, туризм, білім, кәсіптік дайындық пен басқа да салаларда қарым-қатынасты нығайтуға мүдделілік танытты. 

Екі қала арасындағы ынтымақтастықтың ең бір маңызды секторларының бірі туристік сала болуы тиіс. Тараптар тәжірибе алмасып, туристік инфрақұрылымдарды дамыту мен туристік операторлар арасында іскерлік байланыстар орнату мүмкіндіктеріне дайын екендіктерін білдірді. 

Іскерлік байланыстар орнату үшін Достық актісі Ницца мен Астанада компаниялардың қызмет белсенділіктерін арттырып, инвестиция тартуға мүмкіндік беретін экономикалық және қаржы форумдарын, іскерлік кездесулер  өткізу, сияқты ынтымақтастық түрлерін қарастырады. 

Қол қойылған құжаттың маңызды тармағы  Қазақстанның экономикалық мүдделерін таныту үшін Француз Ривьерінде  бизнес-офис ашу жөніндегі ынтымақтастық келісім болды.

Тұрақты даму, инновациялық қалалық технология,  телекоммуникация мен энергетикалық қауіпсіздік, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне байланысты стратегиялық басымдықтарға қатысты жобалар, қалалық көлік саласы біріккен жұмыстардың жекелеген бағыттары болып табылады.  «Францияның Қазақстандағы жылы» аясында 2013 жылы, «Қазақстанның Франциядағы жылы» аясында 2014 жылы және  «Астана-2017 Халықаралық көрмесі» жылы тараптар тұрақты ақпараттық және мәдени байланыстар орнатып, көркем көрмелер мен семинарлар өткізуге ықпал етуге ниетті. Сонымен қатар, Астана мен Ницца екі қала арасындағы университеттердің ынтымақтастығын дамытып, студенттердің тәжірибе алмасуына, атап айтқанда, басқару ресурстары мен мемлекеттік қызметтер саласында кадрлар дайындауға  мүдделі екендіктерін білдірді.   

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109